User's Guide
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру
амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз.
Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор,
теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы
құрылғыларды жалғаңыз
.
Камераны пайдалану
Компьютерде жұмыс істеу немесе ойнау үшін басқалармен қосылу мүмкіндігін беретін бір немесе одан
көп камера бар. Камералар алға қарайтын, артқа қарайтын немесе қалқымалы болуы мүмкін. Камера
туралы мәлімет алу үшін Компьютермен танысу (4-бет) бөлімін қараңыз.
Камералардың көбісі чатты түсіру, бейнені жазу және фотосуреттерді жазу мүмкіндігін береді. Кейбір
құрылғылар HD (ажыратымдылығы жоғары) немесе 3D мүмкіндігін, ойын ойнау үшін
бағдарламаларды немесе бет тануға арналған Windows Hello сияқты бағдарламалық құралын да
қамтамасыз етеді. Windows Hello туралы мәлімет алу үшін Компьютер мен ақпаратты қорғау (42-бет)
бөлімін қараңыз.
Камераны пайдалану үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына камера сөзін жазып, одан кейін қолданбалар тізімінен
Камера тармағын таңдаңыз.
2. Таңдаулы өнімдерде қосымша мүмкіндіктерді, көрсетілімдерді және бағдарламаларды шолу
үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына Intel RealSense сөзін енгізіңіз.
Дыбысты пайдалану
Компьютеріңізде немесе сыртқы оптикалық дискіні пайдаланатын өнімдерде музыка ықшам
дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде
радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы
дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе USB портына немесе компьютердегі не қондыру
тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына жалғау арқылы
қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Камераны пайдалану 21