User's Guide

Бастау түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен, Басқару Панелін таңдаңыз, Жабдық және
Дыбыс таңдаңыз және аудио басқару панелін арнайы жүйені таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін
, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Бейне мүмкіндіктеріңізді пайдалану туралы ақпаратты алу үшін HP Support Assistant қолданбасын
қараңыз.
USB Type-C кабелімен бейне құрылғыларын жалғау
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-C кабелі
қажет болады.
Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы құрылғыда қарау үшін
құрылғыны мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз.
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Бейнені пайдалану 23