User's Guide
Екі саусақ көмегімен масштабтау
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе
үлкейтуге мүмкіндік береді.
●
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ
қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
●
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып,
олардың арасын ашыңыз.
Екі саусақпен жылжыту
(сенсорлы тақтада ғана)
Екі саусақпен жылжыту қимылын бетте немесе кескінде жоғары, төмен қарай немесе жан-жаққа
жылжыту үшін пайдаланыңыз.
●
Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен,
сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Екі саусақпен (сенсорлы тақтада ғана) түрту
Экрандағы нысан мәзірін ашу үшін екі саусақпен түртуді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Екі саусақ көмегімен түрту қимылы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
●
Сенсорлы тақта аймағына екі саусақ көмегімен түртіп, таңдалған нысанның опциялар мәзірін
ашыңыз.
26 5-тарау Экранда шарлау