User's Guide
Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады:
●
Дисплейді жабыңыз.
●
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Спящий режим (Ұйқылық
күй) тармағын таңдаңыз.
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйінен шығуға болады:
●
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
●
Егер компьютер сөніп тұрса, дисплейді көтеріңіз.
●
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
●
Сенсорлық тақтаны түртіңіз.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы өнімдерде)
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін
өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің әрекетін таңдаңыз)
сілтемесін нұқыңыз.
3. Изменение параметров, которые сейчас недоступны (Ағымдағы қол жеткізгісіз параметрлерді
өзгерту) пәрменін таңдаңыз және При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде)
аймағында Гибернация (Күту режимі) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Қуат мәзірінде Күту режимі опциясын көрсету үшін Параметры завершения работы (Жұмысты
аяқтау параметрлерінен) Гибернация (Күту режимі) тармағын таңдаңыз.
4. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін:
▲
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Компьютер күту режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер күту күйінен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
30 6-тарау Қуат басқару