User's Guide

Оянған кезде (ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шыққанда)
сұралатын құпия сөз қорғанысын орнату
Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін,
осы қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын
таңдаңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес
параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді
өзгерту үшін Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы
есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған
жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдалану
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады.
Компьютер үлгісіне және айнымалы ток адаптеріне байланысты Жылдам зарядтау мүмкіндігі келесі
әдістердің біреуіне сәйкес жұмыс істейді:
Батарея зарядының деңгейі нөл мен 50% аралығында қалғанда, батарея толық
сыйымдылығының 50%-на дейін 30 минуттан аспайтын уақыт ішінде зарядталады.
Батарея зарядының деңгейі нөл мен 90% аралығында қалғанда, батарея толық
сыйымдылығының 90%-на дейін 90 минуттан аспайтын уақыт ішінде зарядталады.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін пайдалану үшін, компьютерді өшіріңіз, одан кейін айнымалы ток
адаптерін компьютерге және сыртқы қуат көзіне қосыңыз.
Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows тапсырмалар тақтасында орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне
жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану 31