User's Guide
Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Келесі құрылғылардың біреуін компьютер мен сыртқы қуат көзіне жалғаңыз.
●
Айнымалы ток адаптері
●
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
●
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
1. Айнымалы ток адаптерін компьютер мен сыртқы қуат көзіне жалғаңыз.
2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз.
Айнымалы қуатпен жұмыс істеу
Айнымалы ток көзіне қосу туралы ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату нұсқаулары
постерінен қараңыз.
Компьютер мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/ұзарту құрылғысы
арқылы сыртқы айнымалы қуат көзіне жалғанған кезде, компьютер батарея қуатын пайдаланбайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, компьютермен
қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток
адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы қуат көзіне қосыңыз:
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз.
●
Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде.
●
Жүйелік бағдарламалық құралды орнату немесе жаңарту кезінде
●
Жүйенің BIOS нұсқасын жаңарту кезінде
●
Ақпаратты дискіге жазғанда (тек таңдаулы өнімдерде).
●
Ішкі қатты дискілері бар компьютерлерде Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы)
бағдарламасы іске қосылғанда.
●
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Компьютер сыртқы қуат көзіне жалғанған кезде:
●
Батарея зарядтала бастайды.
●
Экран жарықтығы жоғарылайды.
●
Қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
АТ көзінен ажырату кезінде:
34 6-тарау Қуат басқару