User's Guide
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту
Егер компьютеріңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта басаталмаса, компьютерді жүктеу
ретін өзгерту қажет. Бұл – компьютер жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген құрылғылардың
реті. Таңдауды оптикалық диск жетегіне немесе USB флэш жадына өзгертуге болады.
Жүктеу тәртібін өзгерту үшін
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас
бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз.
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз.
2. Жүйенің Запуск (Іске қосу) мәзірін ашыңыз.
Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
▲
Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп
қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
▲
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты жоғарылату түймесін тез
басып ұстап тұрыңыз. Одан кейін f9 пернесін басыңыз.
– немесе –
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез басып
ұстап тұрыңыз. Одан кейін f9 пернесін басыңыз.
– немесе –
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Windows түймесін тез басып ұстап
тұрыңыз. Одан кейін f9 пернесін басыңыз.
3. Жүктегіңіз келетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 57