User's Guide
Table Of Contents
- Қосылғанда жанатын шам
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Сымсыз желіге қосылу
- Сымды желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Мобильді құрылғыға қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
- Экранда шарлау
- Қуат басқару
- Ұйқы немесе күту күйін пайдалану
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Қуат белгішесін және Қуат параметрлерін пайдалану
- Батареяның қуатымен жұмыс істеу
- HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Батарея зарядын көрсету
- HP Support Assistant бағдарламасында батарея мәліметтерін табу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Батарея қуатын үнемдеу
- Төмен батарея деңгейлерін анықтау
- Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
- Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батарея
- Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу
- Компьютерге техникалық қызмет көрсету
- Компьютер мен ақпаратты қорғау
- Құпиясөздерді пайдалану
- Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану
- Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Сымсыз желіні қорғау
- Бағдарламалық құрал қолданбаларының және мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
- Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
- Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Қолжетімділік
- Индекс

Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(2) Айнымалы ток адаптері мен батарея шамы
●
Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы емес.
●
Ақ түсте жыпылықтау: айнымалы ток адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
●
Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
●
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
(3) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(4) Сыртқы монитор порты (таңдаулы үлгілерде
ғана)
Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(5) RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады.
●
Ақ: желі қосылған.
●
Сары: Желіде әрекет орын алуда.
(6) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(7) USB 3.х SuperSpeed порттары (2) Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(8) Аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс
(микрофон) біріккен ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
6 2-тарау Компьютермен танысу