User's Guide
Table Of Contents
- Қосылғанда жанатын шам
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Сымсыз желіге қосылу
- Сымды желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Мобильді құрылғыға қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
- Экранда шарлау
- Қуат басқару
- Ұйқы немесе күту күйін пайдалану
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Қуат белгішесін және Қуат параметрлерін пайдалану
- Батареяның қуатымен жұмыс істеу
- HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Батарея зарядын көрсету
- HP Support Assistant бағдарламасында батарея мәліметтерін табу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Батарея қуатын үнемдеу
- Төмен батарея деңгейлерін анықтау
- Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
- Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батарея
- Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу
- Компьютерге техникалық қызмет көрсету
- Компьютер мен ақпаратты қорғау
- Құпиясөздерді пайдалану
- Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану
- Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Сымсыз желіні қорғау
- Бағдарламалық құрал қолданбаларының және мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
- Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
- Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Қолжетімділік
- Индекс

1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы
(Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
●
ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз, Питание (Қуат) белгішесін таңдаңыз, содан кейін Завершение
работы (Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
●
Қуат түймешігін кемінде 10 секунд басып тұрыңыз.
●
Егер компьютерде пайдаланушы ауыстыра алатын батарея (тек таңдаулы өнімдерде) болса,
компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Қуат белгішесін және Қуат параметрлерін пайдалану
Қуат белгішесі Windows тапсырмалар тақтасында орналасқан. Қуат белгішесі қуат
параметрлеріне жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді
.
●
Батарея зарядының қалған пайыздық көрсеткішін және ағымдағы қуат жоспарын қарау үшін,
тінтуір меңзерін Қуат белгішесінің үстіне орналастырыңыз.
●
Қуат параметрлерін пайдалану үшін Қуат белгішесін тінтуірдің оң жағымен басып, Қуат
параметрлері түймесін басыңыз.
Әр түрлі қуат белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп
жатқанын көрсетеді. Тінтуір меңзерін белгішенің үстіне орналастыру арқылы заряд төмен деңгейіне
немесе заряд өте төмен деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен бірге
жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан
сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Зарядталған батарея компьютерде болғанда және компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде,
компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Компьютер өшірулі кезде және сыртқы қуат көзінен
ажыратылған жағдайда компьютердің ішіндегі батареяның заряды баяу түрде азаяды. Заряд төмен
немесе өте төмен деңгейге жеткенде, компьютердегі батарея белгішесі хабар береді.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына,
компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы қуат көзін ажыратқан кезде батарея зарядын сақтау үшін дисплей жарықтығы
автоматты түрде азаяды. Кейбір компьютер өнімдері батарея зарядын сақтау үшін графика режимдері
арасында ауыса алады.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады.
Зарядтау уақыты +/- 10% дейін өзгеруі мүмкін. Компьютер үлгісіне және компьютермен берілген HP
Қуат белгішесін және Қуат параметрлерін пайдалану 33