User's Guide
Table Of Contents
- Қосылғанда жанатын шам
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Сымсыз желіге қосылу
- Сымды желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Мобильді құрылғыға қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
- Экранда шарлау
- Қуат басқару
- Ұйқы немесе күту күйін пайдалану
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Қуат белгішесін және Қуат параметрлерін пайдалану
- Батареяның қуатымен жұмыс істеу
- HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Батарея зарядын көрсету
- HP Support Assistant бағдарламасында батарея мәліметтерін табу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Батарея қуатын үнемдеу
- Төмен батарея деңгейлерін анықтау
- Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
- Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батарея
- Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу
- Компьютерге техникалық қызмет көрсету
- Компьютер мен ақпаратты қорғау
- Құпиясөздерді пайдалану
- Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану
- Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Сымсыз желіні қорғау
- Бағдарламалық құрал қолданбаларының және мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
- Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
- Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Қолжетімділік
- Индекс

1. Setup Utility (BIOS) қолданбасын қосыңыз (Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау (48-бет)
бөлімін қараңыз).
2. Main (Басты) тармағын, System Information (Жүйе ақпараты) тармағын таңдаңыз және сіздің
BIOS нұсқасы туралы жазбаны жасаңыз.
3. Exit (Шығу) тармағын, одан кейін No (Жоқ) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (49-бет) бөлімін қараңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту
файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана
жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша
жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын
жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу және орнату барысында мына нұсқауларды
орындаңыз:
●
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
●
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
●
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалық құралдардың жаңартуларын,
әсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен хабарласыңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Обновления (Жаңартулар) пәрменін басып, Проверить наличие обновлений и сообщений
(Жаңартуларды және хабарларды тексеру) пәрменін басыңыз.
3. Компьютерде орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына қол
жеткізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен
салыстырыңыз. Егер жаңарту BIOS нұсқасынан жаңалау болса, күнін, атауын немесе өзге
идентификаторын жазып алыңыз. Бұл ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен
кейін оны табу үшін қажет болуы мүмкін.
ә. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңартуы жүктеліп алатын қатты дискідегі орынға жолды жазып алыңыз. Сіз
жаңартуды орнатуға дайын болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
Setup Utility (BIOS) жаңарту 49