HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

Мобильді басып шығару
Кіріспе
HP компаниясы ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері
арқылы оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін мобильді және электрондық басып шығару (ePrint)
шешімдерін ұсынады. Толық тізімді көру және ең жақсы таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/
MobilePrinting сайтына өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық мобильді басып шығару және ePrint мүмкіндіктеріне қолдау көрсетілуі үшін принтер
микробағдарламасын жаңартыңыз.
Wi-Fi Direct және NFC Connect және басып шығару
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
HP ePrint бағдарламалық құралы
AirPrint
Android ендірілген басып шығаруы
Wi-Fi Direct және NFC Connect және басып шығару
HP компаниясы HP Jetdirect 3000w NFC/Wireless Accessory функциясын қолдайтын принтерлер үшін Wi-Fi
Direct Print арқылы және NFC (Near Field Communication) арқылы басып шығару мүмкіндігін ұсынады. Бұл
қосалқы құралды құрамына аппараттық құралдарға кіріктіру қалтасы (HIP) кіретін HP принтерлері үшін
опция ретінде қолдануға болады.
Wi-Fi Direct Print және NFC байланысу және басып шығару стандарттары Wi-Fi функциясы бар (мобильді)
құрылғыларға сымсыз роутерге қосылмастан тікелей принтерге қосылу мүмкіндігін береді.
Принтер бұл мобильді құрылғы арқылы басып шығару үшін желіге қосулы болуы міндетті емес.
Wi-Fi Direct Print мүмкіндігін мына құрылғылардан сымсыз басып шығару үшін пайдаланыңыз:
Apple AirPrint немесе HP ePrint қолданбасын пайдаланатын iPhone, iPad немесе iPod touch
HP ePrint қолданбасын немесе Android ендірілген басып шығару шешімін пайдаланатын Android
мобильді құрылғылары
HP ePrint бағдарламасын пайдаланатын ДК және Mac құрылғылары
Windows 10 мобильді құрылғылары
Сымсыз басып шығару туралы толық ақпаратты мына беттен қараңыз: www.hp.com/go/mobileprinting.
NFC және Wi-Fi Direct Print мүмкіндіктерін принтердің басқару тақтасынан қосуға немесе өшіруге болады.
1. Принтердің басқару панелінің негізгі экрандағы Settings (Параметрлер) түймесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
94 4-тарау Басып шығару KKWW