HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

ә. Компьютерден, принтердегі желімен бірдей желіден веб-браузерін ашыңыз. Мекенжай жолында
IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер
пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
2. HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысын басыңыз.
3. Веб-қызметтерді қосу үшін, опцияны таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-қызметтерді қосу бірнеше минут алуы мүмкін.
4. HP ePrint есептік жазбасын жасау үшін, www.hpconnected.com торабына өтіп, параметрлерді орнату
процесін орындаңыз.
HP ePrint бағдарламалық құралы
HP ePrint бағдарламалық құралы Windows немесе Mac жұмыс үстелі компьютерінен немесе ноутбугынан
кез келген HP ePrint бағдарламасын қолдайтын принтерде басып шығаруды жеңілдетеді. Бұл
бағдарламалық құрал HP Connected есептік жазбаңызға тіркелген HP ePrint қосылған принтерлерді табуды
жеңілдетеді. Мақсатты HP принтері кеңседе немесе дүние жүзіндегі бір орында орналасуы мүмкін.
Windows: бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қолданбадан Printасып шығару) опциясын
ашыңыз да, орнатылған принтерлер тізімінен HP ePrint тармағын таңдаңыз. Басып шығару
параметрлерін реттеу үшін Properties (Сипаттар) түймешігін басыңыз.
macOS: бағдарламаны орнатудан кейін File (Файл), Print (Басып шығару) тармағын таңдаңыз, одан
кейін PDF жанындағы көрсеткіні (драйвер экранының төменгі сол жағында) таңдаңыз. HP ePrint
бағдарламасын таңдаңыз.
Windows үшін HP ePrint бағдарламасы UPD PostScript® қолдайтын өнімдер үшін желідегі (жергілікті желі
немесе WAN) жергілікті желілікті принтерлерде TCP/IP басып шығаруды қолдайды.
Windows және macOS жүйелерінің екеуі де ePCL қолдайтын жергілікті желіге немесе WAN желісіне
қосылған өнімдерде IPP басып шығаруды қолдайды.
Сондай-ақ, Windows және macOS жүйелерінің екеуі де PDF құжаттарын жалпы басып шығару
орындарында және HP ePrint бағдарламасын пайдаланып, электрондық пошта арқылы бұлт көмегімен
басып шығаруды қолдайды.
Драйверлер мен ақпаратты алу үшін www.hp.com/go/eprintsoftware бетіне өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі үшін HP ePrint Software басып шығару драйвері HP ePrint + JetAdvantage
болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint бағдарламалық құралы – macOS жүйесіне арналған PDF жұмыс процесінің қызметтік
бағдарламасы және техникалық тұрғыдан принтер драйвері емес.
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint бағдарламасын USB басып шығаруды қолдамайды.
96 4-тарау Басып шығару KKWW