HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

USB портынан басып шығару
Кіріспе
Бұл принтерде оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігі бар, сондықтан файлдарды
компьютерден жібермей жылдам басып шығаруға болады. Принтер басқару панелінің қасындағы USB
портына стандартты USB флэш-дискілерін қабылдайды. Ол келесі файл түрлерін қолдайды:
.pdf
.prn
.pcl
.ps
.cht
USB портын басып шығару үшін қосу
USB құжаттарын басып шығару
USB портын басып шығару үшін қосу
USB порты әдепкіде өшірулі болады. Мүмкіндікті пайдаланудың алдында USB портын қосыңыз. Портты
қосу үшін, келесі әдістердің бірін пайдаланыңыз:
Бірінші әдіс: Принтердің басқару панелінен USB портын қосу
1. Принтердің басқару панелінің негізгі экрандағы Settings (Параметрлер) түймесін түртіңіз.
2. Төмендегі мәзірлерді ашыңыз
Copy/Print (Көшіру/Басып шығару) немесе Print (Басып шығару)
Құрылғы USB портын қосу
3. USB портын қосу үшін Enabled (Қосулы) опциясын таңдаңыз.
Екінші әдіс: USB портын HP ендірілген веб-серверінен қосу (тек желіге қосылған принтерлер)
1. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы
Ақпарат белгішесін, одан кейін Желі белгішесін таңдаңыз
2. Веб-браузерді ашыңыз, мекенжай жолына IP мекенжайын принтердің басқару тақтасында
көрсетілгендей енгізіңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s security
certicateұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар) хабарламасын
көрсетсе, Continue to this website (not recommended)ұл веб-сайтты ашуды жалғастыру
(ұсынылмайды)) опциясын басыңыз.
Continue to this website (not recommended)ұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды))
опциясын таңдау HP принтері үшін EWS қызметінде шарлау барысында компьютерге зиян тигізбейді.
98 4-тарау Басып шығару KKWW