HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
Көшірме жасау
Сканер әйнегінен немесе құжат бергіштен көшірме жасау үшін осы қадамдарды орындаңыз.
1. Құжатты бетін төмен қаратып сканер әйнегіне қойып немесе құжат бергішке бетін жоғары қаратып
салып, құжаттың өлшеміне сәйкестендіру үшін қағаз бағыттағыштарын сәйкестендіріңіз.
2. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Copy (Көшіру) түймесін түртіңіз.
3. Sides (Жақтар) мәзірінің Color/Black (Түс/қара) мәзірінің (түрлі түсті принтер) параметрлерін таңдаңыз,
одан кейін Done (Дайын) опциясын таңдаңыз.
4. Егер Quick Set (Жылдам орнату) опциясын пайдалансаңыз, Quick Sets and Defaults (Жылдам орнату
және әдепкі мәндер) параметрінен Load (Жүктеу) опциясын таңдаңыз. Quick Set (Жылдам орнату)
опциясын тізімнен таңдаңыз, одан кейін астыңғы оң жақ бұрыштан Load (Жүктеу) опциясын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Quick Sets (Жылдам орнату) мәндері Text (Мәтін), Photograph (Фотосурет) және High
Quality (Жоғары сапа) сияқты әртүрлі шығыс түрлерінің алдын ала анықталған көшіру параметрлері
болып табылады.
5. Reduce/Enlarge (Кішірейту/үлкейту) және Content Orientation (Мазмұн бағыты) сияқты параметрлерді
реттеу үшін астыңғы сол жақ бұрыштан Options (Опциялар) тармағын таңдаңыз, одан кейін
параметрлерді Options (Опциялар) мәзірлерінен таңдаңыз. Нұсқау берілсе, Done (Дайын) опциясын
таңдаңыз.
6. Қосымша алдын ала қарау: Құжатты алдын ала қарау үшін экранның оң жақ аймағын түртіңіз. Алдын
ала қарау экранын кеңейту және жию үшін алдын ала қарау тақтасының сол жағындағы Expand
(Кеңейту) және Collapse (Жию) түймелерін пайдалануға болады.
Expand (Кеңейту) түймесі Collapse (Жию) түймесі
Алдын ала қарау опцияларын реттеу және беттерді қайта реттеу, бұру, енгізу немесе жою үшін
экранның оң жағындағы түймелерді пайдаланыңыз.
Екі беттік көріністі және нобайлық көріністі ауыстырып қосыңыз. Екі беттік көрініспен
салыстырғанда, нобайлық көріністе қолжетімді опциялар көбірек.
102 5-тарау Көшіру KKWW