HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

Электрондық поштаға сканерлеуді орнату
Кіріспе
Бастамас бұрын
Бірінші қадам: HP ендірілген веб-серверіне (EWS) өту
Екінші қадам: Желіні анықтау параметрлерін конфигурациялау
Үшінші қадам: Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін реттеу
Төртінші қадам: Жылдам орнатуларды реттеу (қосымша)
Бесінші қадам: Oice 365 Outlook мүмкіндігін пайдалану үшін электрондық поштаға сканерлеуді
реттеу (қосымша)
Кіріспе
Принтердің құжатты сканерлеп, бір немесе бірнеше электрондық пошталарға жіберу мүмкіндігі бар. Бұл
сканерлеу мүмкіндігін пайдалану үшін принтерге желіге қосылған болуы керек, дегенмен мүмкіндік
реттелгенше қолданылмайды. Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін реттеудің екі әдісі бар, негізгі
орнату үшін Scan to Email Setup Wizardлектрондық поштаға сканерлеуді реттеу шебері) және қосымша
орнату үшін Email Setupлектрондық поштаны орнату). Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін
орнату үшін мына ақпаратты пайдаланыңыз.
Бастамас бұрын
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін орнату үшін, принтердің белсенді желі байланысы болуы тиіс.
Әкімшілерге конфигурациялау процесін бастамастан бұрын келесі ақпарат қажет.
Принтерге әкімші ретінде кіру
DNS-суффикс (мысалы, компанияты.com)
SMTP сервері (мысалы, smtp.меніңкомпаниям.com)
ЕСКЕРТПЕ: егер SMTP серверінің атауы, SMTP портының нөмірін немесе түпнұсқалық растамасының
ақпаратын білмесеңіз, ақпарат алу үшін электрондық пошта/интернет қызметінің провайдеріне
немесе жүйе әкімшісіне хабарласыңыз. SMTP сервер атауларын және порт атауларын, әдетте,
интернетте іздеуді орындап табуға болады. Мысалы, іздеу үшін «Gmail smtp серверінің атауы» немесе
«Yahoo smtp серверінің атауы» сияқты терминдерді пайдаланыңыз.
Шығыс электрондық хабарлар үшін SMTP серверінің аутентификация талаптары, оның ішінде
аутентификацияға қажетті пайдаланушы аты және құпия сөзі, егер қолданылса.
ЕСКЕРТПЕ: Электрондық пошта есептік жазбаңыздағы сандық түрде жіберу шектеулері туралы ақпарат
үшін электрондық пошта қызметі провайдерінің құжаттарын қараңыз. Егер жіберу шектеуінен асып
кетсеңіз, кейбір провайдерлер есептік жазбаңызды уақытша құлыптауы мүмкін.
108 6-тарау Сканерлеу KKWW