HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

Сканерленген құжаттарды стандартты ортақ қалтаға немесе FTP қалтасына сақтау үшін, келесі
қадамдарды орындаңыз:
1. Егер ол әлі таңдалмаса, Save to shared folders or FTP folders (Ортақ қалталарға немесе FTP
қалталарына сақтау) таңдаңыз.
2. Add... (Қосу) түймесін басыңыз. Add Network Folder Pathелі қалтасының жолын қосу) диалогтық
терезесі ашылады.
3. Add Network Folder Pathелі қалтасының жолын қосу) диалогтық терезесінде келесі опциялардың
бірін таңдаңыз:
Бірінші опция: Стандартты ортақ желі қалтасына сақтау
ЕСКЕРТПЕ: Ортақ желі қалталарын жасау туралы қосымша мәліметтерді Set up a shared folder
(Ортақ қалтаны орнату) (c04431534) бөлімінен қараңыз.
1. Егер ол әлі таңдалмаса, Save to a standard shared network folderтандартты ортақ желі
қалтасына сақтау) таңдаңыз.
2. UNC Folder Path (UNC қалта жолы) жолағына қалта жолын енгізіңіз.
Қалта жолы межелі қалтаның толықтай анықталған домен атауы (FQDN) (мысалы, \
\servername.us.companyname.net\scans) немесе сервердің IP мекенжайы (мысалы, \
\16.88.20.20\scans) болуы мүмкін. Қалта жолының (мысалы, \scans) FQDN немесе IP
мекенжайға сәйкес келетінін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: FQDN мекенжайы IP мекенжайға қарағанда сенімдірек болады. Егер сервер IP
мекенжайын DHCP арқылы алса, IP мекенжайы өзгеруі мүмкін. Дегенмен, принтердің
межелі серверді табу үшін DNS пайдалануы қажет болмағандықтан, IP мекенжаймен
байланыс жылдамырақ болуы мүмкін.
3. Межелі қалтада сканерленген құжаттар үшін автоматты түрде ішкі қалта жасау үшін,
Custom Subfolder (Реттелетін ішкі қалта) тізімінен ішкі қалта атауы үшін пішім таңдаңыз.
KKWW Желілік қалтаға сканерлеуді реттеу 129