HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
Мүмкіндік Сипаттама
Файл нөмірлеу пішімі Тапсырма көптеген файлдарға бөлінген кезде файл атауының пішімін таңдаңыз.
Тапсырмада тек бір файл
болған кезде нөмірлер қосу
(мыс. _1–1)
Тапсырма бірнеше файл орнына бір ғана файл болған кезде файлға нөмірлеу қосу үшін осы
параметрді таңдаңыз.
Файл түрі Сақталған файлдың файл пішімін таңдаңыз.
Принтердің басқару тақтасында осы параметрді өңдеуге болатын ету үшін User editable
(Пайдаланушы өңдей алады) ұяшығына белгі қойыңыз.
Жоғары қысу (кішірек файл) Файл өлшемін азайтатын сканерленген файлды қысу үшін осы параметрді таңдаңыз. Дегенмен,
жоғары қысу файлын сканерлеу процесі қалыпты қысу файлына қарағанда ұзағырақ болуы
мүмкін.
PDF файлына шифрлау Файл түрі PDF болса, онда бұл опция шығыс PDF файлын шифрлайды. Құпия сөз шифрлаудың
бөлігі ретінде көрсетілу керек. Файлды ашу үшін бірдей құпия сөзді пайдалану керек. Бастау
түймесін басқан кезде біреуі орнатылмаған болса, пайдаланушыдан сканерлеуге қатысты құпия
сөзді енгізу сұралады.
Ажыратымдылық Файл үшін ажыратымдылықты орнатыңыз. Ажыратымдылығы жоғарылау кескіндерде нүкте/
дюйм (н/д) көбірек болады, сондықтан олар анығырақ болады. Ажыратымдылығы төмендеу
кескіндерде нүкте/дюйм (н/д) азырақ болады және кескін анықтығы төмендеу болады, бірақ
мұнда файл мөлшері кішілеу болады.
Сапа және файл өлшемі Файлға арналған сапаны таңдаңыз. Жоғарғы сапалы суреттер төмен сапалы суреттерге
қарағанда үлкенірек файл өлшемін талап етеді және оларды жіберуге көбірек уақыт жұмсалады.
Түсті/қара Көшірмелердің түрлі-түсті, қара және сұр немесе тек қара түсті болып басып шығарылатынын
көрсетіңіз.
Бос беттерді елемеу Егер Suppress blank pages (Бос беттерді елемеу) опциясы қосылса, бос беттер еленбейді.
Метадеректер файлы пішімі Метадеректер ақпаратының файл пішімін таңдау үшін ашылмалы тізімді пайдаланыңыз.
Бірнеше файлдар жасау Әрбір файл беттерінің алдын ала анықталған максималды саны негізінде беттерді бөлек
файлдарға сканерлеу үшін осы параметрді таңдаңыз.
Алтыншы диалогтық терезе: Түйін (Резюме)
Summary (Түйін) диалогтық терезесінде Summary (Түйін) диалогтық терезесін қарап шығып, Finish (Аяқтау)
түймесін басыңыз.
3-қадам: Конфигурациялауды анықтау
1. Сол жақтағы шарлау аймағында Scan to Network Folder (Желі қалтасына сканерлеу) түймесін
басыңыз.
2. Scan to Network Folder (Желі қалтасына сканерлеу) бетінде таңдалған параметрлерді тексеріп,
орнатуды аяқтау үшін Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
KKWW Желілік қалтаға сканерлеуді реттеу 135