HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

USB құрылғысына сканерлеуді орнату
Кіріспе
Бірінші қадам: НР ендірілген веб-серверіне кіру
Екінші қадам: USB құрылғысына сканерлеуді қосу
3-қадам: Жылдам орнатуларды реттеу (қосымша)
USB дискісіне сканерлеуді орнатуға арналған әдепкі сканерлеу параметрлері
Сканерлеп, USB құрылғысына сақтау реттеуіне арналған әдепкі файл параметрлері
Кіріспе
Принтердің құжатты сканерлеп, USB флеш-дискісіне сақтау мүмкіндігі бар. Мүмкіндік HP ендірілген веб-
сервері (EWS) арқылы конфигурацияланбайынша қолжетімді емес болады.
Бірінші қадам: НР ендірілген веб-серверіне кіру
1. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, принтердің басқару панеліндегі негізгі экранында
Ақпарат белгішесін, одан кейін Желі белгішесін түртіңіз.
2. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің
басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін хабарды
береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым
келтірмейді.
136 6-тарау Сканерлеу KKWW