HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
Scan to email (Электрондық поштаға сканерлеу)
Кіріспе
Принтердің құжатты сканерлеп, бір немесе бірнеше электрондық поштаға жіберу мүмкіндігі бар.
ЕСКЕРТПЕ: Электрондық поштамен сканерлеуден бұрын принтер әкімшісі немесе АТ бөлімі HP ендірілген
веб-серверін қосу және оны реттеу үшін пайдалануы керек.
Scan to email (Электрондық поштаға сканерлеу)
1. Сканер шынысына құжаттың бетін төмен қаратып қойыңыз немесе құжат беру құралына бетін
жоғары қаратып салыңыз және қағаз бағыттауыштарын құжаттың өлшеміне шақ келетін етіп
реттеңіз.
2. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Scan (Сканерлеу) опциясын басып, Scan to Email
(Электрондық поштаға сканерлеу) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы аты мен құпия сөзді енгізіңіз.
3. Пернетақтаны ашу үшін Алушы жолағын түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер принтерге кірген болсаңыз, From (Кімнен) жолағында пайдаланушы атыңыз немесе
басқа әдепкі ақпарат көрсетілуі мүмкін. Солай болса, оны өзгерте алмауыңыз мүмкін.
4. Келесі әдістердің біреуі арқылы алушыларды көрсетіңіз:
Мекенжайларды қолмен енгізу
▲ Мекенжайды To (Кімге) жолағына енгізіңіз. Бірнеше мекенжайға жіберу үшін мекенжайларды
нүктелі үтірмен бөліңіз немесе әр мекенжайды енгізгеннен кейін сенсорлы экран
пернетақтасындағы Enter түймесін таңдаңыз.
Мекенжайларды Контактілер тізімінен енгізу
а. Contacts (Контактілер) терезесін ашу үшін To (Кімге) жолының жанындағы Contacts (Контактілер)
түймесін таңдаңыз.
ә. Тиісті контактілер тізімін таңдаңыз.
б. Алушылар тізіміне ат қосу үшін контактілер тізімінен атты немесе аттарды таңдаңыз, одан кейін
Add (Қосу) опциясын таңдаңыз.
5. Ақпарат енгізу үшін жолды түртіп, сенсорлы экран пернетақтасын пайдалану арқылы Subject
(Тақырыбы) және File Name (Файл атауы) және Message (Хабарлар) жолдарын толтырыңыз.
Пернетақтаны жабу керек болғанда, Close (Жабу) түймесін таңдаңыз.
6. Жылдам орнатуды жүктеу үшін Load (Жүктеу) опциясын, одан кейін Quick Set (Жылдам орнату)
опциясын таңдаңыз да, Load (Жүктеу) опциясын Quick Sets (Жылдам орнатулар) тізімінен таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Quick Sets (Жылдам орнату) мәндері Text (Мәтін), Photograph (Фотосурет) және High
Quality (Жоғары сапа) сияқты әртүрлі шығыс түрлерінің алдын ала анықталған параметрлері болып
табылады. Сипаттамасын көру үшін Quick Set (Жылдам орнату) опциясын таңдауға болады.
7. File Type and Resolution (Файл түрі және ажыратымдылық), Original Sides (Бастапқы жақтар) және
Content Orientation (Мазмұн бағыты) сияқты параметрлерді реттеу үшін астыңғы сол жақ бұрыштан
KKWW Scan to email (Электрондық поштаға сканерлеу) 145










