HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

Факс конфигурацияларын өзгерту
ЕСКЕРТПЕ: Басқару панелін пайдаланатын конфигурацияланған параметрлер НР ендірілген веб-
серверінде жасалған кез келген параметрлерді қайта анықтайды.
Факсты теру параметрлері
Жалпы факс жіберу параметрлері
Факс қабылдау параметрлері
Факсты теру параметрлері
1. Принтердің басқару панелінің негізгі экрандағы Settings (Параметрлер) түймесін түртіңіз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
Факс
Факс жіберу параметрлері
Факсты теру параметрлері
Төмендегі параметрлердің кез келгенін конфигурациялаңыз, одан кейін Done (Дайын) опциясын таңдаңыз:
Мәзір тармағы Сипаттама
Redial оn Error (Қате болғанда қайта теру) Redial On Error (Қате болғанда қайта теру) мүмкіндігі факсты тасымалдау кезінде қате
орын алғанда факс нөмірі қанша рет қайта терілетінін орнатады.
Жауап болмағанда қайта теру Redial On No Answer (Жауап болмағанда қайта теру) параметрі терілген нөмір жауап
бермесе факс жабдығы нөмірді қанша рет теретінін таңдайды. Әрекеттердің саны —
аймақ параметріне байланысты 0 мен 1 арасында (АҚШ-та пайдаланылады) немесе 0
мен 2 арасында. Әрекеттердің арасындағы аралықты қайта теру аралығы параметрі
орнатады.
Нөмір бос болмағанда қайта теру Redial On Busy (Бос болмағанда қайта теру) параметрі нөмір бос емес кезде факс
жабдығы нөмірді қанша рет теретінін (0-9) таңдайды. Әрекеттердің арасындағы
аралықты қайта теру аралығы параметрі орнатады.
Redial Interval (Қайта теру аралығы) Redial Interval (Қайта теру аралығы) параметрі терілген нөмір бос болмаса немесе
жауап бермей жатса, не болмаса қате орын алса, әрекеттердің арасындағы минуттар
санын таңдайды.
ЕСКЕРТПЕ: Redial On Busy (Бос болмағанда қайта теру) және Redial On No Answer
(Жауап болмағанда қайта теру) параметрлерінің екеуі де өшірулі күйге орнатылғанда,
басқару панелінде қайта теру хабары көрсетіледі. Бұл факс жабдығы нөмірді тергенде,
қосылымды орнатқанда, содан кейін қосылымды жоғалтқанда орын алады. Осы қате
күйінің нәтижесінде, факс жабдығы қайта теру параметрлеріне қарамастан үш
автоматы қайта теру әрекетін жасайды. Бұл қайта теру әрекеті кезінде басқару
панелінде қайта теру орындалып жатқанын көрсететін хабар көрсетіледі.
Fax Send Speed (Факс жіберу
жылдамдығы)
Fax Send Speed (Факс жіберу жылдамдығы) параметрі факс жіберу кезінде аналогтық
факс модемінің биттік жылдамдығын (бит/секунд түрінде өлшенеді) орнатады.
Fast (v.34 – 33.6k) (Жылдам (v.34 – 33.6k))
Medium (v.17 – 14.4k) (Орташа (v.17 – 14.4k))
Slow (v.29 – 9.6k) (Баяу (v.29 – 9.6k))
KKWW Факс конфигурацияларын өзгерту 161