HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

Security (Қауіпсіздік) қойындысы
Кесте 8-7 HP ендірілген веб-серверінің Security (Қауіпсіздік) қойындысы
Мәзір Сипаттама
Жалпы қауіпсіздік Жалпы қауіпсіздікке, оның ішінде төмендегілерге арналған параметрлер:
Әкімші құпия сөзін принтердің кейбір мүмкіндіктеріне кіруді шектейтін етіп
конфигурациялаңыз.
PJL пәрмендерін өзгерту үшін PJL құпия сөзін орнатыңыз.
Файлдық жүйеге қол жеткізу және аппараттық бағдарламалық құралдарды
жаңарту қауіпсіздігін орнатыңыз.
Тікелей компьютерден басып шығару үшін, басқару тақтасындағы хост USB
портын немесе форматтердегі USB байланыс портын қосыңыз немесе өшіріңіз.
Бүкіл қауіпсіздік параметрлерінің күйін көріңіз.
Есептік жазба саясаты Әкімшінің есептік жазба саясаты параметрлерін қосыңыз.
Кіру мүмкіндігін басқару Арнайы тұлғалар немесе топтар үшін принтер қызметтеріне кіру мүмкіндігін реттеп,
принтер жүйесіне кіру үшін жеке пайдаланушы әдісін таңдаңыз.
Сақталған деректерді қорғау Принтердің ішкі қатты диск параметрлерін реттеп, басқарыңыз. Қауіпсіздікті арттыру
мақсатында бұл принтердің қатты дискісі шифрланған.
Принтердің қатты дискісінде сақталған тапсырмалардың параметрлерін реттеңіз.
Куәлікті басқару Принтерге және желіге кіру мүмкіндігін беретін қауіпсіздік куәліктерін орнатыңыз және
реттеңіз.
Веб-қызмет қауіпсіздігі Әртүрлі домендермен веб-беттер арқылы осы принтердің ресурстарына кіруді рұқсат
етіңіз. Егер тізімге ешқандай сайттар қосылмаса, барлық сайттар сенімді болады.
Өзіндік тексеру (Самодиагностика) Қауіпсіздік функциялары күтілген жүйелік параметрлерге сай орындалып жатқанын
тексеріңіз.
HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысы
Принтердің HP веб қызметтерінің параметрлерін реттеу және қосу үшін, НР Web Services (НР веб-
қызметтер) қойындысын пайдаланыңыз. HP ePrint мүмкіндігін пайдалану үшін, HP веб-қызметтерін қосу
керек.
Кесте
8-8 HP ендірілген веб-серверінің HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысы
Мәзір Сипаттама
Веб-қызметтер параметрлері HP Web Services (HP веб-қызметтері) опциясын қосу арқылы бұл принтерді
интернеттегі HP компаниясының ePrintCenter қызметіне қосыңыз.
Веб-прокси Егер HP веб-қызметтерін қосуға немесе принтерді интернетке қосуға қатысты
мәселелер пайда болса, прокси-серверді конфигурациялаңыз.
HP JetAdvantage Принтер мүмкіндіктерін кеңейтетін шешімдерге өту.
KKWW HP ендірілген веб-сервері (EWS) арқылы қосымша конфигурациялау 175