HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
2. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің
басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін хабарды
береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым
келтірмейді.
Екінші қадам: Жылдам орнатулар қосу және басқару
Жылдам орнатуды қосу
Жаңа жылдам орнату қосу үшін келесі қадамдарды пайдаланыңыз.
1. Жоғары шарлау қойындыларын қолданып General (Жалпы) түймесін басыңыз.
2. Сол жақ навигация аймағынан Quick Sets (Жылдам орнатулар) түймесін басыңыз.
3. Добавить (Қосу) түймесін басыңыз. Quick Sets Setup (Жылдам орнатулар параметрлерін орнату) беті
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Ағымдағы өзгерістерді болдырмау үшін Cancel (Болдырмау) түймесін Quick Sets Setup
(Жылдам орнатулар параметрлерін орнату) бетінде басып, Quick Sets Setup (Жылдам орнатулар
параметрлерін орнату) бетінен шығып, Quick Sets (Жылдам орнатулар) бетіне оралыңыз.
4. Quick Set Type (Жылдам орнату түрі) параметрін таңдап, одан кейін Next (Келесі) түймесін басыңыз.
Келесі жылдам орнату түрлері принтерге байланысты таңдауға қолжетімді:
КЕҢЕС: Quick Set Type (Жылдам орнату түрі) тек жылдам орнату General (Жалпы) EWS
қойындысымен жасалған кезде анықталуы керек.
180 8-тарау Принтерді басқару KKWW