HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

Желіде
Ethernet
TCP/IP
IPV6 параметрлері
3. Enable (Қосу) опциясын таңдап, On (Қосулы) түймесін, содан кейін OK түймесін басыңыз.
4. Мекенжайды конфигурациялау үшін, Address (Мекенжай) мәзірін ашып, пернетақтаны ашу үшін
жолды түртіңіз.
5. Пернетақтаны пайдаланып мекенжайды енгізіңіз де, OK түймешігін түртіңіз.
Байланыс жылдамдығы және дуплекстеу параметрлері
ЕСКЕРТПЕ: Бұл ақпарат тек Ethernet желілеріне ғана қатысты. Оның сымсыз желілерге қатысы жоқ.
Баспа серверінің сілтеме жылдамдығы мен байланыс режимі желі хабына сәйкес болуы тиіс. Көп
жағдайларда принтерді автоматты күйде қалдырыңыз. Байланыс жылдамдығы және дуплекстеу
параметрлерін дұрыс өзгертпеу принтердің басқа желілік құрылғылармен байланысына кедергі жасауы
мүмкін
. Өзгерістер енгізу үшін, принтердің басқару панелін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтердің параметрі желілік құрылғының (желілік хаб, қосқыш, шлюз, роутер немесе
компьютер) параметріне сәйкес келуі керек.
ЕСКЕРТПЕ: Осы параметрлерге өзгерістер енгізу принтердің өшіп, қайта қосылуына әкеледі. Өзгерістерді
принтер бос тұрғанда ғана енгізіңіз.
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірі көрсетілгенге дейін
сырғыта беріңіз. Мәзірді ашу үшін Settings (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Желіде
Ethernet
Байланыс жылдамдығы
3. Келесі берілген опциялардың бірін таңдаңыз:
Auto (Авто): баспа сервері өзін автоматты түрде желіде рұқсат етілген ең жоғарғы сілтеме
жылдамдығы және байланыс режиміне орнатып реттейді.
10T Half (10Т жарты): 1 секундта 10 мегабайт (МБ/сек), жартылай дуплексті жұмыс
10T Full (10Т толық): 10 Mб/сек, толық дуплексті жұмыс.
10T Auto (10Т авто): 10 Mб/сек, автоматты дуплексті жұмыс
100TX Half (100ТХ жарты): 100 Mб/сек, жартылай дуплексті жұмыс.
100TX Full (100ТХ толық): 100 Mб/сек, толық дуплексті жұмыс.
192 8-тарау Принтерді басқару KKWW