HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

Принтердің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Кіріспе
Принтерде конфигурация параметрлеріне кіруге құқылы пайдаланушыларды шектейтін, деректерді
қорғайтын және маңызды аппараттық құралдар компоненттеріне қол жеткізудің алдын алатын бірнеше
қауіпсіздік мүмкіндігі бар.
Қауіпсіздік мәлімделері
Әкімші құпия сөзін тағайындау
IP қауіпсіздігі
Пішімдеушіні құрсаулау
Шифрлау қолдауы: HP өнімділігі жоғары қауіпсіз қатты дискілері
Қауіпсіздік мәлімделері
Принтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға және принтерді
бақылау мен оған қызмет көрсету тәсілін жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік стандарттар және
ұсынылған протоколдар қолданылады.
Әкімші құпия сөзін тағайындау
Рұқсаты жоқ пайдаланушылар принтер параметрлерін өзгерте алмауы үшін, принтерге және HP ендірілген
веб-серверіне өтуге арналған әкімші құпия сөзін тағайындаңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, принтердің басқару панеліндегі негізгі
экраннан Ақпарат белгішесін, одан кейін Желі белгішесін түртіңіз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
2. Security (Қауіпсіздік) қойындысын басыңыз.
3. General Security (Жалпы қауіпсіздік) мәзірін ашыңыз.
4. Set the Local Administrator Passwordергілікті әкімші құпия сөзін орнату) деп белгіленген аймақтағы
Username (Пайдаланушы аты) жолына құпия сөзбен байланысты атты енгізіңіз.
5. Құпия сөзді New Password (Жаңа құпия сөз) жолына енгізіп, Verify Password (Құпия сөзді растау)
жолына қайта енгізіңіз.
194 8-тарау Принтерді басқару KKWW