HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
Кіріспе
Принтердің зауытта орнатылған бастапқы параметрлерін қалпына келтіру үшін төмендегі әдістердің бірін
қолданыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру принтердің көптеген параметрлерін зауыттық
әдепкі параметрлерге орнатады. Алайда, кейбір параметрлер өзгермейді, мысалы, тіл, күн, уақыт және
кейбір желі конфигурациясының параметрлері.
Бірінші әдіс: Зауыттық параметрлерді принтердің басқару тақтасынан қалпына
келтіру
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірі көрсетілгенге дейін
сырғыта беріңіз. Мәзірді ашу үшін Settings (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
● Жалпы
● Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
3. Reset (Қайта орнату) опциясын түртіңіз.
Растау хабары қайта қосу қызметін аяқтау деректердің жоғалуына әкелуі мүмкіндігін ескертеді.
4. Процесті аяқтау үшін, Reset (Бастапқы қалпына келтіру) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қайта қосу әрекеті аяқталғаннан кейін принтерді автоматты түрде қайта бастаңыз.
Екінші әдіс: Зауыттық параметрлерді HP ендірілген веб-серверінен қалпына келтіру
(тек желіге қосылған принтерлер)
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, принтердің басқару панеліндегі негізгі
экранында Ақпарат
белгішесін, одан кейін Желі белгішесін түртіңіз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
2. General (Жалпы) қойындысын ашыңыз.
3. Экранның сол жақ бөлігіндегі Reset Factory Settings (Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру)
түймесін басыңыз.
4. Reset (Бастапқы қалпына келтіру) түймесін басыңыз.
KKWW Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру 205