HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
Баспа сапасын жақсарту
Кіріспе
Кейде принтерде жолақтар немесе түссіздену, қара немесе басқа түстердің болмауы, бұлдыр немесе анық
емес мәтін және сия жолақтары не жағылуы секілді баспа сапасының мәселелері болуы мүмкін. Берілген
кезекпен төмендегі шешімдерді қолданып көріңіз. Шешімдердің бірі мәселені шешсе, басқа
процедураларды жалғастырудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Егер де мәселе тек көшірмелерде пайда болса, «Көшірме сурет сапасын жақсарту» бөлімін
қараңыз.
●
Картридж күйін тексеру
●
Принтердің бағдарламалық құралын жаңарту
●
Басып шығару сапасының параметрін өзгерту
●
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
●
Қағаз бен сапа параметрлерін тексеру
●
Сұр реңктері мен қара түс параметрлерін тексеру
●
Түс параметрлерін реттеу (Windows)
●
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
●
Картриджді қарап тексеріңіз
●
Принтерді тазалау
●
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Картридж күйін тексеру
Болжалды қызмет көрсету мерзімінің соңындағы картриджді пайдаланғанда, баспа сапасы мәселелері
орын алуы мүмкін. Картридждерде қалған шамамен қызмет ету мерзімін тексеру және қажет болса, басқа
ауыстыруға болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерінің күйін тексеру үшін мына қадамдарды
орындаңыз.
Бірінші қадам: Басқару тақтасын тексеру
▲ Басқару тақтасында хабарлар немесе ескерту белгішелердің бар-жоқтығын тексеріңіз.
Хабарды көру үшін белгішені таңдаңыз. Егер хабар картриджді ауыстыру қажеттігін немесе оның
күйінің нашарлығын көрсетсе, картриджді ауыстырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Картриджді ауыстыру алдында ол туралы толығырақ ақпарат алғыңыз келсе, келесі
қадамға өтіңіз.
Екінші қадам: Жабдықтар күйін тексеру
1. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Reports (Есептер) түймесін түртіңіз.
2. Conguration/Status Pages (Конфигурация/күй беті) мәзірін, одан кейін Supplies Status Page
(Жабдықтар күйінің беті) опциясын таңдаңыз.
256 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW