HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

1. Принтерден картриджді алып тастаңыз және картридж жолында ешбір қалдықтың жоқтығын
тексеріңіз.
2. Түпнұсқа HP картриджін пайдаланып жатқаныңызды көру үшін тексеріңіз. Түпнұсқа HP картриджінде
«HP» сөзі немесе HP логотипі болады. HP картридждерін анықтау туралы қосымша ақпаратты
www.hp.com/go/learnaboutsupplies торабынан қараңыз.
3. Картридждің сары металл түйіспелерін қараңыз.
Метал түйіспелерінде сызықтар немесе басқа зақымдар байқалса, картриджді ауыстырыңыз.
Метал түйіспелері зақымдалмаған сияқты болса, ол орнына сырт етіп түскенше картриджді
орнына жайлап итеріңіз. Ақаулықтың түзетілгенін тексеру үшін, бірнеше бет басып шығарыңыз.
Картриджді ауыстыру қажет екенін анықтасаңыз, түпнұсқа HP картриджінің бөлшек нөмірін табу үшін
жабдықтар күйі бетін басып шығарыңыз немесе картриджге қараңыз.
Қайта толтырылған немесе өңделген картридждер
HP компаниясы жаңа немесе қайта өндірілген HP жабдықтары болып табылмайтын жабдықтарды
пайдалануды ұсынбайды. Олар HP компаниясының өнімдері болмағандықтан, HP компаниясы олардың
әзірленуіне ықпал ете алмайды және сапасын бақылай алмайды. Егер қайта толтырылған немесе қайта
өңделген картриджді пайдаланып, баспа сапасына қанағаттанбасаңыз, картриджді түпнұсқа HP
картриджімен алмастырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер HP шығармаған картриджді түпнұсқа HP картриджімен ауыстырсаңыз, баспа
механизмінде әлі де HP сиясы қалады. Баспа ақаулығы басып шығару механизмінде сол сия бітіп, ол
жаңадан орнатылған түпнұсқа HP картриджімен жабдықталғанға дейін сақталып қалуы мүмкін. Сия бітуі
үшін бірнеше мың қалыпты мәтін бетін басып шығару қажет болуы мүмкін.
Принтерді тазалау
Басып шығару барысында принтердің ішінде қағаз және шаң бөлшектері жиналуы мүмкін және жағылу,
жолақтар, сызықтар немесе қайталанатын таңбалар сияқты баспа сапасының мәселелерін тудыруы
мүмкін. Басып шығару сапасының есебін басып шығарып, содан кейін тиісті тазалау процедурасын
жалғастырыңыз.
Басып шығару сапасының есебін басып шығару және түсіну
Басып шығару сапасының есебі – әрбір картриджден түс жолақтары басып шығарылатын бет. Есеп басып
шығару сапасының мәселелерін анықтауға көмектеседі.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 261