HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

1. Кәдімгі Letter немесе A4 өлшемді қағаз салыңыз.
2. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Support Tools (Қолдау құралдары) мәзірін
таңдаңыз.
3. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Ақауларды жою
Баспа сапасы беттері
Print Quality Report (Сапа есебін басып шығару)
4. Бетті басып шығару үшін Print (Басып шығару) пәрменін басыңыз.
5. Есептегі түс жолақтарын тексеріңіз. Әрбір жолақтың үш анық реңкі бар, бірақ жолақтардың түстерінің
айырмашылығы аз болуы керек.
Түс жолақтарында бояуы кеткен жолақтар болса, «Баспа механизмін тазалау» бөліміне өтіңіз.
Егер түс жолақтарында бояуы кеткен жолақтар аз болса немесе болмаса, бірақ бояуы жағылып
қалған болса, «Шығыршықтарды тазалау» бөліміне өтіңіз.
Баспа механизмін тазалау
Егер Басып шығару сапасының есебінде бояуы кеткен жолақтар болса, баспа механизмін тазалау үшін
төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Support Tools (Қолдау құралдары) мәзірін
таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Maintenance (Күтім)
Мөлшерлеу/тазалау
Баспа механизмін тазалау
3. Тазалау үрдісін бастау үшін Start (Бастау) опциясын таңдап, содан кейін экрандағы кеңестерді
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тазалау үрдісі кезекті сатылардан тұрады. Әрбір сатының соңында принтер Басып
шығару сапасының есебін шығарып отырады. Есептегі бояу жолақтарының барлығында да түсі
кеткен жолақтар болса, тазалаудың келесі деңгейіне өтіңіз. Егер мәселе шешілсе, Cancel (Бас тарту)
опциясын таңдаңыз.
262 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW