HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

КЕҢЕС: Есеп сапасының жақсаруын тексеріп отыру үшін әрбір Басып шығару сапасының есебі
парақтарын санмен белгілеп отырыңыз.
Шығыршықтарды тазалау
Егер Басып шығару сапасының есебінде бояу жағылған болса, шығыршықтарды тазалау үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
Бірінші қадам: Көпфункциялы принтерлерге ғана — құжат беру құралының шығыршықтарын тазалау
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Support Tools (Қолдау құралдары) мәзірін
таңдаңыз
.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Maintenance (Күтім)
Мөлшерлеу/тазалау
Құжат беру құралының шығыршықтарын тазалау
3. Тазалау үрдісін бастау үшін Clean Now (Қазір тазалау) опциясын таңдап, содан кейін экрандағы
кеңестерді орындаңыз.
Екінші қадам: Бояудың жағылуын кетіру
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Support Tools (Қолдау құралдары) мәзірін
таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Maintenance (Күтім)
Мөлшерлеу/тазалау
Бояудың жағылуын кетіру
3. Тазалау үрдісін бастау үшін Start (Бастау) опциясын таңдаңыз.
Принтерде бет баяу берілетіндіктен бұл үрдіс үш минутқа дейін уақыт алуы мүмкін. Келесі басып
шығару сапасын бағалау үшін осы бетті сақтап қойыңыз.
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Бағдарламалық құралдан басып шығарып жатқан болсаңыз және басып шығарылған беттерде
сызбалардағы күтпеген сызықтар, мәттіннің болмауы, сызбалардың болмауы, дұрыс емес пішім немесе
өзгертілген қаріптер туындаса, басқа принтер драйверін қолданып көріңіз.
HP веб-сайтынан төмендегі драйверлердің кез келгенін жүктеп алыңыз: www.hp.com/support/
pwcolormfpE77650, www.hp.com/support/pwcolormfpE77660, www.hp.com/support/pwcolorP77940mfp,
www.hp.com/support/pwcolorP77950mfp, www.hp.com/support/pwcolorP77960mfp немесе www.hp.com/
support/pwcolorP77440mfp.
HP PCL.6
драйвері Бұл өнімге тән басып шығару драйвері 32 биттік Windows XP, 32 биттік Vista және 32
биттік Server 2008 операциялық жүйесіне арналған. Мүмкіндіктердің немесе парақ
өлшемдерінің бәріне бірдей қолдау көрсетіле бермейді.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 263