HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканердің әйнегі мен құжат беру құралы
жолақтарын абразивті емес тазартқыш
сұйықтыққа батырылған жұмсақ шүберекпен
немесе губкамен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтердің кез келген бөлігін
тазалау барысында абразивті заттарды,
ацетонды, бензинді, аммиакты көміртек
тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар принтерді
зақымдауы мүмкін. Сұйықтықтарды тікелей
шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына
төгіліп, принтерді зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Құжат беру құралын
пайдаланғанда көшірмелерде жабысумен
қиындықтар туындаса, сканердің сол
жағындағы шынының шағын жолағын міндетті
түрде тазалаңыз.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ
пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза
шүберекпен құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін
принтерді қосу үшін қуат түймешігін басыңыз.
Сканерді калибрлеу
Егер көшірілген сурет бетте дұрыс орналаспаған болса, сканерді калибрлеу үшін мына қадамдарды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құжат бергішті пайдаланғанда, кіріс науасындағы бағыттауыштарды түпнұсқа құжатқа тиіп
тұратындай реттеңіз.
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Support Tools (Қолдау көрсету құралдары) мәзірі
көрсетілгенге дейін сырғыта беріңіз. Мәзірді ашу үшін Support Tools (Қолдау көрсету құралдары)
белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
266 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW