HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

3. Деңгейлерді орнату үшін ысырмаларды реттеп, Done (Дайын) түймесін таңдаңыз.
4. Көшіру тапсырмасын бастау үшін Copy (Көшіру) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл параметрлер уақытша. Тапсырманы аяқтағаннан кейін принтер әдепкі параметрлерді
қайтарады.
Мәтін немесе суреттер үшін көшірме сапасын оңтайландыру
Көшірілетін суреттің түрі үшін көшірмесі жасалатын тапсырманы оңтайландыру: мәтін, сызбалар немесе
фотосуреттер
.
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Copy (Көшіру) түймесін түртіңіз.
2. Options (Опциялар) тармағын таңдаңыз, одан кейін Optimize Text/Picture (Мәтінді/кескінді
оңтайландыру) опциясын таңдаңыз.
3. Алдын ала анықталған параметрлердің бірін таңдаңыз.
4. Көшіру тапсырмасын бастау үшін Copy (Көшіру) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл параметрлер уақытша. Тапсырманы аяқтағаннан кейін принтер әдепкі параметрлерді
қайтарады.
Шетпен шетке көшіру
Бұл мүмкіндікті түпнұсқа құжат жиектерге жақын басып шығарылғанда, көшірмелердің жиектерінің
бойында пайда болуы мүмкін көлеңкелерді болдырмау үшін пайдаланыңыз.
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Copy (Көшіру) түймесін түртіңіз.
2. Options (Опциялар) параметрін, одан кейін Edge-To-Edge (Шетінен-шетіне дейін) опциясын таңдаңыз.
3. Түпнұсқа құжат қағаз беттеріне жақын басып шығарылатын болса, Edge-To-Edge output (Жиектен
жиекке дейін басу) опциясын таңдаңыз.
4. Көшіру тапсырмасын бастау үшін Copy (Көшіру) опциясын таңдаңыз.
268 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW