HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
Сканерлеу сурет сапасын жақсарту
●
Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
●
Ажыратымдылық параметрлерін тексеру
●
Суретті реттеу параметрлерін тексеру
●
Мәтін немесе суреттер үшін сканерлеу сапасын оңтайландыру
●
Басып шығарылған өнімнің параметрлерін тексеру
●
Құжат бергіштің көтеру ролигі мен бөлу төсемін тазалаңыз
Алдымен мына қарапайым қадамдарды орындап көріңіз:
● Планшетті сканерді құжат бергіштің орнына пайдаланыңыз.
● Жоғары сапалы түпнұсқаларды пайдаланыңыз.
● Құжат бергішті пайдаланғанда, анық емес немесе бұрмаланған кескіндерді болдырмас үшін қағаз
бағыттауыштарын пайдаланып түпнұсқа құжатты бергішке дұрыс салыңыз.
Проблема шешілмесе, мына қосымша шешімдерді орындап көріңіз. Мұнымен де проблема шешілмесе, әрі
қарай шешімді табу үшін «Баспа сапасын жақсарту» бөлімін қараңыз.
Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер әйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына әсер етуі мүмкін. Басып
шығарылған бетте жабысулар, қажетсіз сызықтар, қара нүктелер, баспа сапасын нашар немесе түсініксіз
мәтін болса, сканерді тазалау үшін келесі процедураны пайдаланыңыз.
1. Принтерді өшіру үшін қуат түймешігін басыңыз,
одан кейін қуат кабелін электр розеткасынан
ажыратыңыз.
KKWW Сканерлеу сурет сапасын жақсарту 269