HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканердің әйнегі мен құжат беру құралы
жолақтарын абразивті емес тазартқыш
сұйықтыққа батырылған жұмсақ шүберекпен
немесе губкамен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтердің кез келген бөлігін
тазалау барысында абразивті заттарды,
ацетонды, бензинді, аммиакты көміртек
тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар принтерді
зақымдауы мүмкін. Сұйықтықтарды тікелей
шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына
төгіліп, принтерді зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Құжат беру құралын
пайдаланғанда көшірмелерде жабысумен
қиындықтар туындаса, сканердің сол
жағындағы шынының шағын жолағын міндетті
түрде тазалаңыз.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ
пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза
шүберекпен құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін
принтерді қосу үшін қуат түймешігін басыңыз.
Ажыратымдылық параметрлерін тексеру
ЕСКЕРТПЕ: Ажыратымдылықты жоғары мәнге орнату файл өлшемі мен сканерлеу уақытын ұлғайтады.
Ажыратымдылық параметрін реттеу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Scan (Сканерлеу) түймесін түртіңіз.
2. Келесі сканерлеу мүмкіндіктерінің бірін таңдаңыз:
Электрондық поштаға сканерлеу
Желідегі қалтаға сканерлеу
270 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW