HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканердің әйнегі мен құжат беру құралы
жолақтарын абразивті емес тазартқыш
сұйықтыққа батырылған жұмсақ шүберекпен
немесе губкамен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтердің кез келген бөлігін
тазалау барысында абразивті заттарды,
ацетонды, бензинді, аммиакты көміртек
тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар принтерді
зақымдауы мүмкін. Сұйықтықтарды тікелей
шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына
төгіліп, принтерді зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Құжат беру құралын
пайдаланғанда көшірмелерде жабысумен
қиындықтар туындаса, сканердің сол
жағындағы шынының шағын жолағын міндетті
түрде тазалаңыз.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ
пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза
шүберекпен құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін
принтерді қосу үшін қуат түймешігін басыңыз.
Факс жіберу ажыратымдылық параметрлерін тексеру
Шығыс факстерінің ажыратымдылығын реттеу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Ажыратымдылықты арттыру факс өлшемін және жіберу уақытын арттырады.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экранда Fax (Факс) опциясын таңдаңыз.
2. Options (Опциялар) тармағын таңдаңыз.
3. Опциялар аймағында Resolution (Ажыратымдылық) тармағына барып, таңдаңыз.
4. Алдын ала анықталған опциялардың біреуін, одан кейін факс жіберу үшін Send (Жіберу) түймесін
таңдаңыз.
276 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW