HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірі көрсетілгенге дейін
сырғыта беріңіз. Мәзірді ашу үшін Settings (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
● Факс
● Факс жіберу параметрлері
● Жалпы факс жіберу параметрлері
3. Error Correction Mode (Қатені түзету режимі) опциясын таңдаңыз. Done (Орындалды) түймешігін
түртіңіз.
Бетке шақтау параметрін тексеру
Fit to Page (Бетке шақтау) параметрі қосылған болса және кіріс факсы әдепкі бет өлшемінен үлкенірек
болса, принтер бетке шақтау үшін суретті масштабтауға әрекет жасайды. Бұл параметр ажыратылған
болса, үлкенірек суреттер бірнеше бетке таралады.
1. Принтердің басқару панелінің негізгі экрандағы Settings (Параметрлер) түймесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
● Факс
● Факс қабылдау параметрлері
● Әдепкі тапсырма параметрлері
● Бетке шақтау
3. Параметрді қосу үшін On (Қосу) опциясын таңдаңыз немесе оны ажырату үшін O (Өшіру) опциясын
таңдаңыз.
Құжат бергіштің көтеру ролигі мен бөлу төсемін тазалаңыз
Құжатты беру құралы беттерді дұрыс алмайтын болса немесе жағылған нәтижелер үшін осы қадамдарды
орындаңыз.
1. Құжат бергіш қақпағының ысырмасын көтеріңіз.
278 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW