HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

а. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ә. Компьютеріңіз үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID) салыстырыңыз.
б. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Принтердің сымсыз орнатуын
қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Келесі кеңестер сымсыз желідегі кедергілерді азайтуы мүмкін:
Сымсыз құрылғыларды құжаттарды сақтайтын шкафтар сияқты көлемді темір заттардан, сондай-ақ
микротолқынды және сымсыз телефондар сияқты басқа да электромагниттік құрылғылардан аулақ
ұстаңыз. Бұл заттар радио сигналдарына кедергі болуы мүмкін.
Сымсыз құрылғыларды көлемді тастан қаланған және басқа құрылыс құрылымдарынан аулақ
ұстаңыз. Бұл заттар радио толқындарды сіңіріп, сигнал күшін азайтуы мүмкін.
Сымсыз маршрутизаторды желідегі сымсыз принтерлермен бір сызықтың ортасына орналастырыңыз.
286 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW