HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
Факс мәселелерін шешу
●
Факс ақаулықтарын шешу кестесі
●
Жалпы факс ақаулықтары
Факс ақаулықтарын шешу кестесі
Туындаған кез келген факске қатысты ақаулықтардың себебін анықтауға көмектесу үшін келесі кестені
қолданыңыз:
● Факс жабдығымен берілген факс кабелін қолданып жатқаныңызға сенімдісіз бе? Факс жабдығы RJ11
және қызметтік спецификацияларға сәйкес келу үшін берілген факс кабелімен сынақталған. Басқа
факс кабелімен ауыстырмаңыз; аланогтық факс жабдығы аналогтық факс кабелін талап етеді. Бұл да
аналогтық телефон қосылымын қажет етеді.
● Факс/телефон желісін қосқыш факс жабдығының розеткасына тығылған ба? Телефон ұясының
розеткаға дұрыс тығылғанын тексеріңіз. Ол "сырт" еткенше қосқышты розеткаға тығыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Телефон ұясы желілік портқа емес, факс портына жалғанғанын тексеріңіз. Порттар бір-
біріне ұқсайды.
● Телефонның қабырға ұясы дұрыс жұмыс істеп тұр ма? Телефонды қабырға ұясына қосу арқылы теру
дыбысының болуын тексеріңіз. Теру дыбысын есітіп тұрсыз ба және телефон қоңырауын шала не
қабылдай аласыз ба?
Телефон желісінің қай түрін қолданудасыз?
● Ерекшеленген желі: Қалыпты аналогтық факс/телефон желісі факстерді қабылдауға не жіберуге
тағайындалған.
ЕСКЕРТПЕ: Телефон желісі тек қана принтер факсын қолдануға арналған болуы және телефон
құрылғыларының басқа түрлерімен ортақ пайдаланылмауы қажет. Мысалдар телефон желісі
басқарушы компанияға жіберетін ескертулерді қолданатын дабыл жүйелерін қамтиды.
● PBX жүйесі: Іскери ортаның телефон жүйесі. Стандартты үй телефондары мен факс жабдықтары
аналогтық телефон сигналын қолданады. Кейбір PBX жүйелері сандық және оларды факс
жабдығымен үйлестіру мүмкін емес. Факс құрылғысын сандық PBX жүйелеріне жалғау үшін
интерфейстік аналогтық телефон адаптері (АТА) қажет болуы мүмкін.
● Ауыстырылатын желілер: Алғашқы кіріс желісі бос болмағанда жаңа қоңырау келесі бос желіге
«ауысатын» телефон жүйесінің мүмкіндігі. Принтерді алғашқы кіріс телефон желісіне тіркеп көріңіз.
Факс жабдығы жауап беру үшін қоңырау саны параметрінде орнатылған қоңырау сандарынан кейін
телефонға жауап береді.
Ток кернеуінің артуынан қорғайтын құрылғыны қолданып жатырсыз ба?
Ток кернеуінің артуынан қорғайтын құрылғыны телефон желілері арқылы берілетін электр қуатына қарсы
факс жабдығын қорғау үшін қабырға ұясы мен факс жабдығы арасында қолдануға болады. Бұл
құрылғылар телефон сигналының сапасын төмендету арқылы кейбір факс байланысының ақаулықтарын
туғызуы мүмкін. Факстерді жіберу немесе қабылдау бойынша ақаулықтар туындаса және осы
құрылғыларды қолданып жатқан болсаңыз, ақаулықтың ток кернеуінің артуынан қорғайтын құрылғыдан
туындайтынын анықтау үшін құралды тікелей телефон ұясына жалғаңыз.
KKWW Факс мәселелерін шешу 287