HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
Телефон компаниясының дыбыстық хабарлама қызметін немесе жауап беру құрылғысын
қолданып жатырсыз ба?
Хабарлама қызметіне арналған жауап беру үшін қоңырау саны параметрі факс жабдығына арналған
жауап беру үшін қоңырау саны параметрінен төмен болса, хабарлама қызметі қоңырауға жауап береді
және факс жабдығы факстерді қабылдай алмайды. Факс жабдығына арналған жауап беру үшін қоңырау
саны хабарлама қызметінен төмен болса, факс жабдығы барлық қоңырауларға жауап береді.
Телефоныңызда қоңырауды күту мүмкіндігі бар ма?
Факстің телефон желісінде қоңырауды күту мүмкіндігі белсендірілген болса, қоңырауды күту мүмкіндігі
байланыс қатесін туғызу арқылы орындалып жатқан факс қоңырауына кедергі келтіруі мүмкін
. Қоңырауды
күту мүмкіндігінің факс телефонының желісінде белсенді еместігін тексеріңіз.
Факс жабдығының күйін тексеру
Аналогтық факс жабдығы жұмыс істейтін сияқты көрінбесе, күйді тексеру үшін Conguration Page
(Конфигурация беті) есебін басып шығарыңыз.
1. Негізгі экранда Reports (Есептер) тармағына өтіп, таңдаңыз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
● Конфигурация/күй беттері
● Конфигурация беті
3. Есепті басып шығару үшін Print (Басып шығару) түймешігін түртіңіз немесе экрандағы есепті қарау
үшін View (Қарау) түймешігін түртіңіз. Есеп бірнеше беттен тұрады.
ЕСКЕРТПЕ: Принтердің IP мекенжайы немесе хост атауы Jetdirect бетінде тізімделеді.
Аппараттық құрал анықтамасы тақырыбының астында конфигурация бетінің факс жабдығы бетін таңдап,
модем күйін тексеріңіз. Келесі кесте күй жағдайлары мен ықтимал шешімдерді анықтайды.
ЕСКЕРТПЕ: Факс жабдығының беті басып шығарылмаса, аналогтық факс жабдығында ақаулық болуы
мүмкін. LAN факсін немесе Интернет факсін қолданып жатқан болсаңыз, бұл конфигурациялар мүмкіндікті
ажыратуы мүмкін.
Жұмыс істейтін/Қосылған
1
Аналогтық факс жабдығы орнатылды және дайын.
Жұмыс істейтін/Ажыратулы
1
Факс жабдығы орнатылған, бірақ сіз талап етілген факс
параметрлерін әлі реттеген жоқсыз.
Факс жабдығы орнатылған және жұмыс істейді; дегенмен,
HP сандық жіберу қызметтік бағдарламасы принтердің факс
мүмкіндігін ажыратқан немесе LAN факсін қосқан. LAN факсы
қосылған кезде, аналогтық факс мүмкіндігі ажыратылады. Бір
уақытта тек бір факс мүмкіндігін, жергілікті желі факсын немесе
аналогтық факсты қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: LAN факсы қосылған болса, өнімнің басқару
панелінде Scan to Fax (Факске сканерлеу) мүмкіндігі
қолданылмайды.
Жұмыс істемейтін/Қосылған/Ажыратылған
1
Принтер микробағдарлама қатесін анықтады.
Микробағдарламалық жасақтаманы жаңартыңыз.
288 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW