HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
ЕСКЕРТПЕ: Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер өзгеруі мүмкін. Принтер үшін қолдау көрсетілетін
операциялық жүйелердің ағымдағы тізімін көру үшін HP компаниясының барлығы қосылған анықтамасын
алу мақсатында www.hp.com/support/pwcolormfpE77650, www.hp.com/support/pwcolormfpE77660,
www.hp.com/support/pwcolorP77940mfp, www.hp.com/support/pwcolorP77950mfp, www.hp.com/support/
pwcolorP77960mfp немесе www.hp.com/support/pwcolorP77440mfp торабына өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: клиенттік және серверлік операциялық жүйелер туралы және осы принтердің HP UPD
драйвер қолдауы туралы мәліметтерді алу үшін www.hp.com/go/upd веб-сайтына өтіңіз. Additional
information (Қосымша ақпарат) тармағының астында сілтемелерді басыңыз.
Кесте 1-7 Жүйеге қойылатын ең аз талаптар
Windows macOS
● Интернет қосылысы
● Тағайындалған USB 1.1 немесе 2.0 қосылымы немесе желі
қосылымы
● 2 ГБ қатты диск бос орны
● 1 ГБ RAM (32 биттік) немесе 2 ГБ RAM (64 биттік)
● Интернет қосылысы
● Тағайындалған USB 1.1 немесе 2.0 қосылымы немесе желі
қосылымы
● 1,5 ГБ қатты диск бос орны
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінің бағдарламалық құрал орнатқышы HP Smart Device Agent Base қызметін
орнатады. Файл өлшемі 100 Кб-тан төмен. Оның функциясы тұрақты түрде USB арқылы жалғанған
принтерлерді тексеру болып табылады. Мәлімет жинақталмаған. USB принтері табылса, ол JetAdvantage
басқару коннекторының (JAMc) үлгісін желіге орналастыруға әрекет жасайды. Егер JAMc табылса, HP Smart
Device Agent Base қызметі JAMc коннекторынан толық смарт құрылғы агентіне қауіпсіз жаңартылып, JAMc
коннекторы басып шығарылған парақтардың Басқарылатын баспа қызметтері (MPS) есептік жазбасына
жазылуына жағдай жасайды. Принтер үшін hp.com веб-сайтынан жүктелген және Add Printer шебері
арқылы орнатылған тек драйверлік веб-пакеттері бұл қызметті орнатпайды.
Қызметтің орнатымын жою үшін басқару панелін ашып, Программы (Бағдарламалар) немесе Программы и
функции
(Бағдарламалар және мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз, одан кейін қызметті жою үшін
Добавить/удалить программы (Бағдарламаларды қосу/жою) немесе Удалить программу (Бағдарламаны
жою) опциясын басыңыз. Файл атауы – HPSmartDeviceAgentBase.
Мобильді басып шығару шешімдері
HP компаниясы ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері
арқылы оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін мобильді және электрондық басып шығару (ePrint)
шешімдерін ұсынады. Толық тізімді көру және ең жақсы таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/
MobilePrinting сайтына өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық ұялы басып шығару және ePrint мүмкіндіктеріне қолдау көрсетілуі үшін принтер
микробағдарламасын жаңартыңыз.
● Wi-Fi Direct (HP Jetdirect 3000w NFC сымсыз аксессуарлары орнатылған сымсыз модельдерге
арналған)
● Сымсыз станция (HP Jetdirect 3000w NFC сымсыз аксессуары немесе HP 2900nw сымсыз баспа сервері
орнатылған сымсыз модельдерге арналған)
● Электрондық пошта арқылы HP ePrint (HP веб-қызметтерінің қосылуын және принтердің
HP Connected арқылы тіркелуін қажет етеді)
26 1-тарау Принтердің жалпы көрінісі KKWW