HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
Конверттерді салу және басып шығару
Кіріспе
Төмендегі ақпарат конверттерді басып шығару және салу жолын сипаттайды. Конверттерге басып шығару
үшін 1-науаны ғана пайдаланыңыз. 1-науаға конверт өлшемі мен орта жағдайларына қарай 14 конвертке
дейін сыяды.
Қолмен беру опциясын қолданып конверттерді басып шығару үшін, принтер драйверіндегі дұрыс
параметрлерді таңдау мақсатында осы қадамдарды орындаңыз және одан кейін баспа тапсырмасын
принтерге жібергеннен кейін науаға конверттерді жүктеңіз
.
Конверттерді басып шығару
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Басып шығару мүмкіндіктеріне Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру
үшін, Devices (Құрылғылар) бөлімін таңдап, Print (Басып шығару) тармағын таңдаңыз, содан кейін
принтерді таңдаңыз. Windows 10 жүйесінде қолданбаға қарай өзгеше болуы мүмкін Print (Басып
шығару) тармағын таңдаңыз. Windows 8, 8.1 және 10 нұсқаларында бұл қолданбалардың дизайны
мен мүмкіндіктері төменде жұмыс үстелінің қолданбалары үшін сипатталған дизайн мен
мүмкіндіктерден өзгеше болады. HP PCL-6 V4 драйверінде HP AiO Printer Remote қолданбасы More
settings (Қосымша параметрлер) опциясы таңдалғанда қосымша драйвер мүмкіндіктерін жүктеп
алады.
3. Қағаз/Сапа қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінде конверттер үшін дұрыс өлшемді таңдаңыз.
5. Қағаз түрі ашылмалы тізімінде Конверт параметрін таңдаңыз.
6. Қағаз көзі ашылмалы тізімінде Қолмен беру параметрін таңдаңыз.
7. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
8. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
Конверт бағыты
ЕСКЕРТПЕ: Принтер хатқалталарда дуплекстік басып шығаруды қолдамайды.
KKWW Конверттерді салу және басып шығару 55