HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

Ішкі тігіндегішпен қапсырмалауды конфигурациялау (тек
E77650dns, E77650zs және E77660zs модельдеріне арналған)
Төмендегі ақпаратта қапсырмаларды салу және қапсырмалағыш аксессуарының параметрлерін реттеу
жолдары сипатталады.
Қапсырмалағыш аксессуар құжаттарды жоғарғы сол немесе жоғарғы оң жақ бұрыштарынан қыстырады
және финишерде 250 парақ қағазды ұстап тұра алады.
Әдепкі қапсырма орнын теңшеу
Жұмыс режимін конфигурациялау
Әдепкі қапсырма орнын теңшеу
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірі көрсетілгенше сырғыта
беріңіз. Мәзірді ашу үшін Settings (Параметрлер) белгішесін таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Көшіру/басып шығару (Копирование/печать)
Әдепкі басып шығару опциялары
Степлермен бекіту
3. Опциялар тізімінен қапсырма орнын таңдаңыз. Келесі опцияларды таңдауыңызға болады:
None (Ешбір): қапсырмалар жоқ
Top left or right (Жоғарғы сол не оң жақ): егер құжатта кітаптық бағыт болса, қапсырма қағаздың
қысқа жиегінің жоғарғы сол жағында болады. Егер құжатта альбомдық бағыт болса, қапсырма
қағаздың ұзын жиегінің жоғарғы оң жағында болады.
Top left (Жоғарғы сол жақ): қапсырма қағаздың қысқа жиегінің жоғарғы сол жақ бұрышында
болады.
Top right (Жоғарғы оң жақ): қапсырма қағаздың ұзын жиегінің жоғарғы оң жақ бұрышында
болады.
KKWW Ішкі тігіндегішпен қапсырмалауды конфигурациялау (тек E77650dns, E77650zs және E77660zs
модельдеріне арналған)
59