HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide

Басып шығару тапсырмалары (Windows)
Басып шығару әдісі (Windows)
Келесі процедурада Windows үшін негізгі басып шығару процесі сипатталады.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді принтерлер тізімінен таңдаңыз. Параметрлерді өзгерту мақсатында принтер драйверін ашу
үшін Сипаттар немесе Параметрлер түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows 10, 8.1 және 8 жүйелерінде бұл қолданбалардың дизайны мен функциялары
төменде үстелдік қолданбалар үшін сипатталған дизайн мен функциялардан өзгеше болады. Бастау
экранының қолданбасынан басып шығару мүмкіндігіне қол жеткізу үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
Windows 10: Print (Басып шығару) параметрін, одан кейін принтерді таңдаңыз.
Windows 8.1 немесе 8: Devices (Құрылғылар), Printасып шығару) параметрін, одан кейін
принтерді таңдаңыз.
HP PCL-6 V4 драйвері үшін HP AiO принтерінің қашықтан басқару қолданбасы More settings (Қосымша
параметрлер) параметрі таңдалғанда қосымша драйвер мүмкіндіктерін жүктеп алады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпарат алу үшін баспа драйверіндегі Анықтама (?) түймесін басыңыз.
3. Қолдануға болатын опцияларды реттеу үшін баспа драйверіндегі қойындыларды басыңыз. Мысалы,
қағаз бағдарын Өңдеу қойындысында орнатыңыз, ал қағаз көзін, қағаз түрін, қағаз өлшемін және
сапа параметрлерін Қағаз/сапа қойындысында орнатыңыз.
4. Басып шығару тілқатысу терезесіне қайту үшін OK түймесін басыңыз. Осы экраннан басып
шығарылатын көшірмелердің санын таңдаңыз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін Басып шығару түймесін басыңыз.
82 4-тарау Басып шығару KKWW