HP PageWide Managed Color MFP E77650, E77660, P77940, P77950, P77960, P77440, Flow MFP E77650, E77660 - User Guide
Баспа тапсырмалары (macOS)
Басып шығару жолы (macOS)
Төмендегі процедурада macOS үшін негізгі басып шығару процесі сипатталады.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Принтерді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді көрсету) немесе Copies & Pages (Көшірмелер және беттер) түймесін басып,
басып шығару параметрлерін реттеу үшін басқа мәзірлерді таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Элементтің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
4. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Қағаздың екі жағына автоматты түрде басып шығару (macOS)
ЕСКЕРТПЕ: Бұл ақпарат автоматты дуплексері бар принтерлерге қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік HP принтер драйверін орнатсаңыз ғана қол жетімді. AirPrint мүмкіндігін
пайдаланып жатсаңыз ол қол жетімді болмауы мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Принтерді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді көрсету) немесе Copies & Pages (Көшірмелер және беттер) түймесін басып,
Layout (Орналасу) мәзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Элементтің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
4. Two-Sided (Екі жақты) ашылмалы тізімінен байластыру опциясын таңдаңыз.
5. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (macOS)
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік HP принтер драйверін орнатсаңыз ғана қол жетімді. AirPrint мүмкіндігін
пайдаланып жатсаңыз ол қол жетімді болмауы мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Принтерді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді көрсету) немесе Copies & Pages (Көшірмелер және беттер) түймесін басып,
Manual Duplex (Қолмен дуплекстеу) мәзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Элементтің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
4. Manual Duplex (Қолмен дуплекстік басып шығару) жолын, содан кейін байластыру опциясын
таңдаңыз.
5. Басып шығару түймешігін басыңыз.
6. Принтерге өтіп, 1-науа ішіндегі кез келген таза парақты алып тастаңыз.
KKWW Баспа тапсырмалары (macOS) 87