Equipment reference manual OMEN X
Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат түймешігі
●
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті
басыңыз.
●
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез
басып қалыңыз.
●
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
●
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар
жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows жүйесінің өшіру
процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем
дегенде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан қараңыз.
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында қуат сөзін теріп, одан
кейін Қуат және ұйқы параметрлері бөлімін таңдаңыз.
– немесе –
Бастау түймесін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Қуат опциялары
бөлімін таңдаңыз.
(2) Қуат шамы
●
Қосулы: компьютер қосулы.
●
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі»
компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет
емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді.
4 1-тарау Өнім мүмкіндіктері










