Equipment reference manual OMEN X
Қуат көзін орнату
Компьютер ең көп 1450 Вт ATX стандартын сақтайтын қуат көздеріне қолдау көрсетеді.
ЕСКЕРТУ: Зақымды болдырмау үшін компьютердің жалпы қуат тұтынуы компьютер қуат көзінің ең
жоғарғы сипаттамаларынан аспауы керек.
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)).
2. Кіру панелін алып тастаңыз (Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (19-бет)).
3. Жүйелік тақта науасын алып тастаңыз (Жүйелік тақтаны орнату (29-бет)).
4. Корпус артында орналасқан қуат көзі қақпағын алып тастау үшін құрал жинағынан қауіпсіздік
құралын (Құрал жинағына қатынасу (10-бет)) пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қақпақты зақымдап алмау үшін төмендегі кескінде көрсетілгендей тек қақпақ
жанынан көтеріңіз.
5. Қуат көзі кронштейнін қуат көзіне орнатыңыз.
6. Қуат кабельдерін корпусқа өткізіп, қуат көзін (1) енгізіңіз.
Қуат көзін орнату 31










