User Guide - Windows 10

Пернелер тіркесімдерін пайдалану
Пернелер тіркесімін пайдалану:
fn пернесін басып, төменде көрсетілген белгішесі бар дұрыс функциялық пернені басыңыз.
fn пернесін және
функциялық
пернені басыңыз.
Сипаттама
Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей және жүйенің басқа
бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, монитор
компьютерге қосымша қондыру құрылғысы арқылы қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран
бейнесін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың
екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты
арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат алатын басқа
құрылғылардағы бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Микрофонды үнсіздендіреді.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
14 2-тарау Бөліктер