Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Centrino және Thunderbolt — Intel корпорациясының АҚШтағы және басқа елдердегі сауда белгісі. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШ-тағы сауда белгісі. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетуге байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейге қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Таңдаулы үлгілерде, Intel® Pentium® N35xx сериялы немесе Celeron® N28xx/ N29xx сериялы процессор және Windows® амалдық жүйесі бар. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды. Түпнұсқалық параметрлерді қалпына келтіру үшін, зауыттық қалпына келтіруді жүзеге асыру қажет.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде)
Maзмұны 1 Алғашқы жұмыс .......................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Бөліктер ......................................................................................................................................................
4 Экранда шолу ............................................................................................................................................ 21 Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану ............................................................ 21 Сенсорлы тақтаны өшіру және қосу .............................................................................................. 22 Түрту ..............................................................................................
Қалған батарея зарядын көрсету ................................................................................ 35 Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту ........................................................... 35 Төмен батарея деңгейлерін басқару .......................................................................... 36 Төмен батарея деңгейлерін анықтау ....................................................... 36 Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу ..................................................
Сенсорлы тақтаны, пернетақтаны немесе тінтуірді тазалау (тек таңдаулы өнімдерде) ..................................................................................................................... 52 Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау ................................................................................. 53 9 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру ...........................................................................................
Индекс ..........................................................................................................................................................
xii
1 Алғашқы жұмыс Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (15-бет) бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді. Қосымша ақпаратты Қауіпсіздік (39-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Толық өнім ақпаратын, орындау әрекеттерін және қосымша ақпаратты қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде немесе аймақтарда НР компаниясы басылған кепілдігін қорапта ұсынады. Басылған түрдегі кепілдік берілмейтін елдерде/аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.com/go/orderdocuments мекенжайы бойынша сұрауға болады.
2 Бөліктер Аппараттық құралдың және бағдарламалық құралдың орналасқан орындарын табу Орнатылған аппараттық құралдардың тізімін қарау үшін ▲ Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын таңдаңыз. Орнатылған бағдарламалық құралдардың тізімін қарау үшін ▲ 4 Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/ Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлақаспаптарға, тығын тәріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Бөлік (5) Сипаттама Қуат қосқышы ● Сары болып жыпылықтап тұрса: Батарея заряды аз деңгейге жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды. ● Өшірулі: Батарея зарядталмайды. Айнымалы ток адаптеріне қосылады. Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (2) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (3) Веб-камера Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады. Веб-камераны пайдалану туралы ақпаратты алу үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Общение и чат (Байланысу және чат) > CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз.
Үстіңгі жағы Сенсорлы тақта Бөлік 8 Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады және сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады және экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдегі сол жақ түймешік қызметін атқарады. (4) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдегі оң жақ түймешік қызметін атқарады.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: Компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: Компьютер ұйқылық күйде. ● Өшірулі: Компьютер өшірулі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: Компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: Компьютер дыбысы қосулы. ● Сары: Микрофон дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: Микрофон дыбысы қосулы. ● Өшірулі: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы және/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты бекітілген сымсыз құрылғы қосулы.
Түймешік, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз. ● Компьютер ұйқылық күйде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Арнайы функционалдық пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows түймешігі Windows Пуск (Бастау) мәзірін көрсетеді. (4) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды.
fn пернесін және функциялық пернені басыңыз. Сипаттама ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, монитор компьютерге қосымша қондыру құрылғысы арқылы қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қондыру құрылғыларының қабылдағыштары (2) Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі орындарға қараңыз: компьютердің түбінде, батарея орнының ішінде, қызмет көрсету үшін ашатын есіктің астында немесе дисплейдің артында.
Бөлік (1) Сериялық нөмір (2) Өнім нөмірі (3) Кепілдік күшінің мерзімі (4) Модель нөмірі (тек таңдаулы өнімдерде) Бөлік 14 (1) Модель атауы (тек таңдаулы өнімдерде) (2) Өнім нөмірі (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
HP Connection Manager құралының көмегімен сымсыз байланыс құрылғыларын өшіру үшін ▲ Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы HP Connection Manager белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, керекті құрылғының жанындағы қуат түймешігін басыңыз.
WLAN желісіне қосылу ЕСКЕРТПЕ: Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін және модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға және Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. 2.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз. HP Mobile Connect пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP Mobile Connect қызметі – компьютерге арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты байланыс ұсынатын қызмет. HP Mobile Connect қызметін пайдалану үшін компьютеріңізде SIM картасы және HP Mobile Connect бағдарламасы болуы тиіс.
Сымды желіге қосылу Таңдаулы өнімдерде сымды байланыс қосылымдары жұмыс істеуі мүмкін: жергілікті желі (LAN) және модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады және телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын RJ-11 қабырғалық телефон ұясына (2) жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Модем кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз. Елге/аймаққа арналған модем кабелінің адаптерін қосу Телефон ұялары елге/аймаққа байланысты әр түрлі болады.
4 Экранда шолу Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Тікелей компьютер экранынан сенсорлық қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлық тақтада пайдаланыңыз ● Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады) Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік береді.
Сенсорлы тақтаны өшіру және қосу Сенсорлы тақтаны өшіру және қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Түрту Түрту/екі рет түрту қимылын экранда элементті таңдау немесе ашу үшін пайдаланыңыз. ● Экрандағы бір элементке меңзерді апарып, оны таңдау үшін бір саусақпен сенсорлы тақта немесе сенсорлы экран аймағын түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
Екі саусақпен (сенсорлы тақтада ғана) жылжыту Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу үшін пайдаланыңыз. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. Екі саусақпен (сенсорлы тақтада ғана) түрту Экрандағы нысан мәзірін ашу үшін екі саусақпен түртуді пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: ● Екі саусақ көмегімен түрту қимылы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен веб-камера арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз.
Дыбыс параметрлерін пайдалану Жүйе дыбыс деңгейін реттеу, жүйе дыбысын өзгерту не аудио құрылғыларды басқару үшін дыбыс параметрлерін пайдаланыңыз. Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін: ▲ Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) тармақтарын немесе аудио бағдарламалық құралыңызды таңдаңыз.
VGA (қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейтім порты құрылғысы арқылы) кабелі (тек таңдаулы өнімдерде) арқылы бейне құрылғыларды қосу ЕСКЕРТПЕ: болады. VGA бейне құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын VGA кабелі қажет Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында немесе проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына жалғаңыз. 1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей жалғаңыз. 2.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді табу және оларға қосылу MultiStream Transport (MST) компьютердегі VGA немесе Дисплей порттарына, әрі сыртқы хабтағы немесе сыртқы қондырма станциясындағы VGA немесе Дисплей порттарына жалғап, бірнеше сымды дисплей құрылғыларын компьютерге жалғау мүмкіндігін береді. Компьютерде орнатылған графикалық контроллер түріне немесе компьютерде орнатылған хабтың болуына қарай, байланысты бірнеше жолмен орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы дисплей құрылғысының хабтағы дұрыс портқа жалғанғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Пуск (Бастау) >Панель управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) >Дисплей >Настройка разрешения (Ажыратымдылықты реттеу) тармағын таңдаңыз.
Қондыру қосқышын пайдалану Қондыру қосқышы арқылы компьютер қосымша қондырма құрылғысына немесе кеңейту порт құрылғысына қосылады. Қосымша қондырма құрылғысы немесе кеңейту порты құрылғысы компьютермен пайдалануға болатын қосымша порттарды және қосқыштарды қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі суреттер сіздегі компьютердің, қондырма құрылғысының немесе кеңейту порты құрылғысының суреттеріне ұқсамауы мүмкін. Қондырма құрылғыңызға немесе кеңейту порты құрылғыңызға дәл келетін суретке жүгініңіз.
2. Кеңейту порты құрылғысының қосқышын компьютердегі қондыру қосқышы орнына түскенше сырғытыңыз.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютердің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
● Батарея зарядының қалған пайыздағы деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат өлшегіш белгішесінің үстінен жүргізіңіз. ● Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат өлшегіш белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады.
таңдаңыз. Қуат көзі тармағын ашып, Батареяны тексеру пәрменін таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз. Төмен батарея деңгейлерін басқару Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды. Кейбір батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану арқылы өзгертуге болады.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Экран жарықтығын азайтыңыз. ● Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздерді компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінде немесе Computer Setup құралында орнатуға болады. ● BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Құпия сөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға қолданылады. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын, BIOS әкімшісінің құпия сөзін орнату керек.
▲ ● Компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз және НР логотипі пайда болған кезде Computer Setup құралына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасыз планшеттер: ▲ Планшетті өшіріңіз. Іске қосу мәзірі көрсетілгенше қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймесімен бірге басып, Computer Setup құралына кіру үшін F10 пернесін түртіңіз. 2. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Change BIOS Administrator Password (BIOS әкімшісі құпия сөзін өзгерту) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 3.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпиясөзін енгізудің екі сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, әрекетті қайта орындау қажет.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup құралында DriveLock құпия сөзін орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● ● 2. Пернетақталары бар компьютерлер немесе планшеттер: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Қуат түймесін басыңыз және НР логотипі пайда болған кезде Computer Setup құралына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасыз планшеттер: 1. Планшетті өшіріңіз. 2.
3. Қорғау қажет қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз. 4. DriveLock қосу таңдауларын жасау және сұралған кезде құпия сөздерді енгізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: ескереді. 5. Кейбір өнімдер үшін DriveLock енгізу сұралуы мүмкін. Өріс пернетақта регистрін Computer Setup құралынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау және шығу) опциясын таңдап, Yes (Иә) опциясын таңдаңыз. DriveLock ажырату (тек таңдаулы үлгілерде) 1.
DriveLock құпия сөзін енгізу (тек таңдаулы үлгілерде) Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы MultiBay құралына емес). DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзін енгізудің үш сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, әрекетті қайта орындау қажет.
DriveLock құпия сөзін өзгерту (тек таңдаулы үлгілерде) Computer Setup құралында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін осы қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Қуат түймесін басыңыз. 3. DriveLock құпия сөзі сұралған кезде ағымдағы DriveLock пайдаланушы құпия сөзін немесе өзгертілетін негізгі құпия сөзді енгізіңіз, enter пернесін басып, Computer Setup құралына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 4.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сәйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады. Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Біріктірілген саусақ ізін оқу құрылғылары таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құралын пайдалану үшін, саусақ ізін HP Client Security бағдарламасының Credential Manager құралында тіркеу қажет. HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
8 Күтім Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз. Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе оны тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың келесі кеңестерін орындаңыз. ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
9 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Ақпаратыңызды қорғауға және қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР және Windows құралдары компьютерде бар. Бұл құралдар компьютерді оның дұрыс жұмыс күйіне оңай келтіруге көмектеседі.
Нұсқаулар ● Қалпына келтіру медиасын жасау немесе сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына диск түрлерін (бөлек сатылады) пайдаланыңыз: DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер қолданыстағы оптикалық диск түріне байланысты болады. ● Қалпына келтіру медиасын жасамас немесе сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз.
дискілерін (тек таңдаулы өнімдерде) жасау қажет. Алғашқы және кейінгі сақтық көшірмелеріңіз проблема туындағанда деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қосымша сыртқы қатты дискіге, желілік дискіге немесе дискілерге ақпараттың сақтық көшірмесін жасауыңызға болады. Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді іске қосу әрі бұрын жасалған жүйені жөндеу медиасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасын сатып алып компьютерді қайта жүктеу және амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасы (58-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін, Пуск (Пуск) > Справка и Поддержка (Анықтама және қолдау) ішінде осы тақырыптарды іздеңіз. f11 қалпына келтіру құралдары (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құралдар біржолата жойылады.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз. 6. Восстановить компьютер (Компьютерді жөндеу) құсбелгісін қойыңыз. 7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін: 1. Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін шығарып алып, Драйверлерді қалпына келтіру DVD дискісін салыңыз. 2. Алдымен Аппараттық құралды қосу драйверлерін, одан кейін ұсынылған бағдарламаларды орнатыңыз.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе Basic Input/Output System (BIOS) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі), Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамау және шығу) опциясын таңдап, enter пернесін басыңыз.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Computer Setup (BIOS) жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен компьютердегі BIOS нұсқасын анықтаңыз. BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM date (ROM күні) және System BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn +esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады. 1.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, әсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен байланысыңыз. BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні таңдаңыз.
Computer Setup мәзіріндегі TPM параметрлеріне кіру үшін: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup утилитасын бастау (60-бет) бөлімін қараңыз. 2. Security (Қауіпсіздік) тармағын, одан кейін TPM Embedded Security (ТРМ енгізілген қауіпсіздігі) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз. 2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз. 3.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP компаниясы әркім, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар тарапынан, не жеке не сәйкес көмекші құрылғылар арқылы пайдаланыла алатын өнімдерді құрады, өндіреді және сатады. Қолдау көрсетілетін сыналды технологиялары HP өнімдері амалдық жүйе сыналды технологиялары түрлі қолдау және қосымша сыналды технологиялары жұмыс конфигурациялауға болады. Сыналды мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының Іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 26, 29 ақпарат алу аппараттық құрал 4 бағдарламалық құрал 4 астыңғы жағы 14 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 5 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 5 Ә әкімші құпия сөзі 40 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 51 бағдарламалық құрал HP 3D DriveGuard 51 вирусқа қарсы 47 Дискіні дефрагментациялау құралы 50 Дискіні тазалау 50 желіаралық қалқан 47 маңызды жаңартулар 48 Басталғанда жөндеу, пайдалану 57 батарея батареяның төмен деңгейлері 36 зарядсыздану 3
қалпына келтіру құралдары, Windows 57 қалпына келтіру медиасы, бастапқы қалпына келтіру үшін пайдалану 58 қалпына келтіру медиасы, жасау 55 қатты диск сыртқы 29 қатты диск жетегін қалпына келтіру 58 қатты дискіні қалпына келтіру 58 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 6 қоғамдық WLAN қосылымы 17 қолжетімділік 69 қондыру қосқышы анықтау 5 пайдалану 30 қондыру құрылғыларының қабылдағыштары, анықтау 13 қосқыш, қуат 32 қосқышы қондыру 30 қуат 6 Қосымша драйверлі USB қолдауы 60 қосымша сыртқы құрылғылар, пайдалан
сериялық нөмір 13 сериялық нөмір, компьютер 13 сымсыз байланыс пернесі, анықтау 12 сымсыз байланыс түймешігі 15 сымсыз байланыс шамы 9, 15 сымсыз басқару элементтері амалдық жүйе 15 түймешігі 15 сымсыз желі (WLAN) жұмыс ауқымы 17 корпоративтік WLAN қосылымы 17 қоғамдық WLAN қосылымы 17 қосылу 17 сымсыз куәландыру белгісі 14 сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 38 сыртқы диск 29 сыртқы құрылғылар 29 сыртқы монитор порты 26 Ф функциялық пернелер, анықтау 11 Т техникалық деректер сымсыз куәландыру белгілері
W Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі бастапқы қалпына келтіру үшін пайдалану 58 жасау 55 Windows 7 амалдық жүйесінің медиасы бастапқы қалпына келтіру үшін пайдалану 58 жасау 55 Windows Басталғанда жөндеу құралы, пайдалану 57 Windows түймешігі, анықтау 11 WLAN антенналары, анықтау 7 WLAN жапсырмасы 14 WLAN желісіне қосылу 17 WLAN құрылғысы 14 WWAN құрылғысы 15, 17 Индекс 73