User Guide - Windows 7
Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/
Аудио кіріс (микрофон) ұясы
Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге,
құлақаспаптарға, тығын тәріздес құлақаспаптарға, гарнитураға
немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс
шығарады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын
қосады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны
киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы
қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық
ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Пайдаланушы
нұсқаулықтарын ашу үшін Пуск (Бастау) > Все программы
(Барлық бағдарламалар) > Справка и поддержка НР (НР
анықтамасы және қолдау) > Документация НР (НР құжаттары)
тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап) және
аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес келетін 4
сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(2) USB 3.0 зарядтау порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі
сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады. Барлық USB
құрылғылары стандартты USB порттары арқылы зарядталмайды
немесе зарядтау үшін төмен ток қолданылады. Кейбір USB
құралғыларын зарядтау үшін оларды ток беретін портқа жалғау
қажет.
USB зарядтау порты арқылы компьютер өшірулі болса да, белгілі
бір ұялы телефон және MP3 ойнатқыш үлгілерін зарядтауға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер батарея қуатында жұмыс істеген кезде бірнеше
құрылғыны зарядтасаңыз, батарея қуаты жылдам таусылуы
мүмкін.
(3) Қондыру қосқышы Қосымша қондырма құрылғысын немесе кеңейту порты
құрылғысын жалғайды.
(4) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде:
●
Ақ: Батарея заряды 90% асады.
●
Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
●
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея зарядталмай
тұрғанда):
Оң жағы 5










