User Guide - Windows 7
Бөлік Сипаттама
●
Сары болып жыпылықтап тұрса: Батарея заряды аз деңгейге
жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея
шамдары жылдам жыпылықтай бастайды.
●
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
(5) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан
немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
(2) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе жоғары
жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе
дыбыс құрылғыларын қосады.
(3) USB 3.0 зарядтау порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі
сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады. Барлық USB
құрылғылары стандартты USB порттары арқылы зарядталмайды
немесе зарядтау үшін төмен ток қолданылады. Кейбір USB
құралғыларын зарядтау үшін оларды ток беретін портқа жалғау
қажет.
USB зарядтау порты арқылы компьютер өшірулі болса да, белгілі
бір ұялы телефон және MP3 ойнатқыш үлгілерін зарядтауға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер батарея қуатында жұмыс істеген кезде бірнеше
құрылғыны зарядтасаңыз, батарея қуаты жылдам таусылуы
мүмкін.
(4) USB Type-C зарядтау порты Type-C қосқышымен USB құрылғысын жалғайды және компьютер
өшірулі болса да, ұялы телефондар, қолкомпьютерлер,
планшеттер және MP3 ойнатқыштары сияқты құрылғыларды
зарядтай алады.
ЕСКЕРТПЕ: Адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы мүмкін.
6 2-тарау Бөліктер










