User Guide - Windows 7
ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы дисплей құрылғысының хабтағы 
дұрыс портқа жалғанғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Пуск (Бастау) >Панель 
управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) 
>Дисплей >Настройка разрешения (Ажыратымдылықты реттеу) тармағын таңдаңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек 
таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылатын дисплей түрін (Miracast технологиясымен үйлесімді немесе Intel WiDi) 
анықтау үшін, теледидармен немесе қосымша дисплеймен бірге берілетін құжаттарды қараңыз.
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және 
оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін
▲
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация 
(Безендіру және даралау) > Дисплей> Подключение к внешнему дисплею (Сыртқы дисплейге 
қосылу) тармақтарын таңдаңыз. 
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе 
компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін
ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, 
құрылғының өшірілгендігін және айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз.
1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз.
2. Егер токқа қосылған құрылғыны қоссаңыз, құрылғының қуат сымын жерге қосылған айнымалы 
ток розеткасына жалғаңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны 
компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны 
өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз.
Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану
Алынатын сыртқы дискілер мәліметтерді сақтау және оларға кіруге арналған мүмкіндіктер санын 
ұлғайтады. USB жинақтағыш дискісін компьютердегі USB портына жалғау арқылы қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP сыртқы USB оптикалық дискілерін қуатқа қосылған компьютердегі USB портына (тек 
таңдаулы үлгілерде) жалғау керек.
USB дискілерінің мына түрлері бар:
●
1,44-Мбайт дискет жетегі
●
Қатты диск модулі
●
Сыртқы оптикалық диск (ықшам диск, DVD және Blu-ray)
●
MultiBay құрылғысы
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану 29










